Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көлік салығын төлеу мерзімі 3 күннен соң аяқталады
Жаңалықтар

Көлік салығын төлеу мерзімі 3 күннен соң аяқталады

31.03.2023
1 мин
2
1253

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Алайда, биыл 1 сәуір демалыс күніне сәйкес келген соң, төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

2023 жылғы 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

Төленбеген 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш (3 450 теңге) мөлшерінен артық салық берешектері бойынша салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң салық органы салық бұйрығын шығарады.

Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі.

Фото: azh.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
М
М 31.03.2023
Көп балалы ана көлік салығынан босатылады ма?
Жауап беру
Б
Бану 01.04.2023
Алтын алқа мен күміс алқа иесі болсаңыз ғана шығар
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл