Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып, елімізде орта буындағы медицина қызметкерлеріне дәрігердің нұсқауы бойынша рецепт жазуға рұқсат беру жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның сөзінше, 2023 жылдың шілдесінен бері диспансерлік есепте тұрған азаматтарға үш айға дейінгі мерзімге рецепт жазу мүмкіндігі берілген. Қазіргі таңда дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдар емханаларда QR-код, SMS-код немесе қағаз құжат түрінде берілуде. Бұл қызмет 744 медициналық мекемені қамтитын “Әлеуметтік әмиян” жобасы аясында іске асырылып жатыр.
- Министрлік қазіргі таңда дәрігердің тағайындауына сәйкес, рецептерді орта медициналық қызметкерлер арқылы беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Яғни, созылмалы аурулары бар азаматтар рецепт алу үшін дәрігерге емес, медбикеге жүгінуі жеткілікті болады, – деді Көшербаев.
Сондай-ақ, ол Денсаулық сақтау министрлігі сатып алынатын дәрі-дәрмектер тізімін қайта қарап, өндірістен алынғандарын алып тастап, олардың орнына жаңа заманауи препараттар енгізгенін айтты. Қазір бұл бұйрық жобасы тиісті мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде. Жаңартылған тізімге 19 жаңа дәрі енгізіліп, 172 дәрілік зат пен медициналық бұйым алынып тасталды.
2025 жылдың сәуірінде амбулаториялық деңгейде көрсетілетін тегін көмектен адам өлімі мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 ауру түрі алынып тасталды. Сонымен қатар министрлік 12 әлеуметтік маңызды ауруды ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) тізбесінен МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесіне көшіру жөнінде ұсыныстар әзірледі.