Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шығыс Қазақстан облысында 28 жастағы әйел енесінің келісімінсіз 2,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, нәтижесінде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметінше, келіншек әлеуметтік жәрдемақыны сылтау етіп, банк қосымшасы арқылы енесінің биометриялық деректері мен жеке мәліметтерін пайдаланып, бірнеше несие алған. Енесінің келісімінсіз жасалған бұл әрекет алаяқтық деп танылып, әйел сотқа тартылды. Жалпы қарыз сомасы – 2,5 миллион теңге.
Алғашында сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Алайда пробациялық бақылау кезінде айыпталушы тәртіпті бірнеше рет бұзған: тіркеуге келмеген, мекенжайында болмаған және электронды білезік тағудан бас тартқан. Осы тәртіп бұзушылықтарға байланысты сот үкімі күшейтіліп, ол 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Сотталған әйел жазасын өтеу үшін Абай облысындағы әйелдер колониясына жеткізілді. Қазіргі уақытта ол карантиндік бөлімде.
Арнайы есепке алу бөлімінің жетекшісі Светлана Голикованың айтуынша, келіншек жасаған ісіне өкінетінін, оның салдарының қаншалықты ауыр екенін толық түсінбегенін мәлімдеген. Ол бес баласының алдында кінәлі екенін айтып, бір күні кешірім алуға үміттенеді.
Карантин аяқталғаннан кейін әйелді тұшпара өндіретін цехқа жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Сол жердегі табысынан сот шешімі бойынша өтемақы өндіріледі.