Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқушылар жол жүру картасын қалай алады?
Жаңалықтар

Оқушылар жол жүру картасын қалай алады?

03.08.2023
1 мин
0
590

CTS компаниясы Астанада мектеп көлік картасын қалай алуға болатындығын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Хабарламада айтылғандай, қала және оның маңындағы елді мекендерде тұратын 18 жасқа дейінгі оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы және оны автобус салонында валидациялау міндетті.

Мектеп көлік картасын екі жолмен алуға болады: 

1. Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық касса арқылы;

2. Transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беру арқылы.

Оны рәсімдеу үшін:

- ата-ананың бірінің жеке куәлігі;

- баланың туу туралы куәлігі (ЖСН бар) немесе жеке куәлік;

- мектептен анықтама; 

- 3х4 бір фотосурет қажет.

16 жасқа толған оқушылар мектеп көлік картасын жеке куәлікпен өздері келіп, жасай алады.

Мектеп көлік картасын қайта алған жағдайда баланың туу туралы куәлігі, сондай-ақ ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке куәлігінің түпнұсқасы немесе төлқұжаты ғана керек. Егер оқушының жасы 15-ке толған болса, картаны қалпына келтіру үшін мектеп анықтамасы міндетті түрде қажет.

Мектеп көлік картасын алғашқы шығару құны 1000 тг. Қайта шығару – 2000 тг.

Картаның жарамдылық мерзімі – 5 жыл.

Қалаған жағдайда, мектеп көлік картасындағы фотосуретті өзгертуге болады, алайда бұл міндетті емес.

Мектеп және жеңілдігі бар көлік карталарын басқа адамдарға бермеуді сұрайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
298
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл