Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оралда ÓzgeEpic креатив хабы ашылды
Жаңалықтар

Оралда ÓzgeEpic креатив хабы ашылды

11.04.2025
1 мин
0
207

Бүгін Орал қаласында еліміздің креативті индустриясын ілгерілету бағытындағы маңызды оқиға – ÓzgeEpic креатив хабының салтанатты түрде ашылуы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ÓzgeEpic – заманауи өнер, мәдени үрдістер, цифрлық креатив және жаңа технологиялар тоғысқан ерекше алаң. Бұл хабтың басты мақсаты – осы салаларда жаңашыл жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, жастардың тың идеялары мен бастамаларына қолдау көрсету. 2019 жылы Алматыда іргесі қаланған бұл жоба Түркістан мен Астанада табысты дамып, енді Оралда да өз жұмысын бастады.

- Креатив индустрия хабтары – дарынды азаматтарды тартатын орталықтарға айналуы тиіс және олар еліміздің барлық өңірлерінде болуы керек» деген болатын. Осы бағыттағы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасы, "Самұрық-Қазына" қорының қолдауы және "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясының әлеуметтік инвестициясы нәтижесінде ÓzgeEpic Oral хабы ашылды, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

- Креативті индустрияны өркендету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл сала Мемлекет басшысының ерекше назарында. ÓzgeEpic Oral орталығы жас дарындарға жаңа мүмкіндіктер сыйлап, олардың шығармашылығына серпін береді деп сенеміз, – деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Жаңа хабтың ашылуы өңірдегі мәдени әрі интеллектуалдық әлеуетті нығайтып, өнер мен технологияның бір арнада тоғысатын ордасына айналмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл