Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады
Жаңалықтар

Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады

31.10.2021
1 мин
40
10397

2021 жылдың қарашасының басында жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдауды бастау жоспарлануда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры».

Тұрғын үй тек жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге беріледі. Яғни, 5 жылдан кейін азаматтар берілген тұрғын үйді босатуы керек. Бұл бағдарлама жастарды қолдауға бақытталған. Себебі төмен бағаға жалдамалы пәтерде тұрған азаматтар жеке баспанаға қаражат жинауға мүмкіндік алады. Бұрын тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайын 90 000 – 120 000 теңге төлеген болса, онда осы тұрғын үй үшін 5 – 15 000 теңге төлейді. Бұл жастарға өз тұрғын үйін сатып алу үшін 5 жыл ішінде ақша жинауға мүмкіндік береді.

Құжаттарды тапсыру тәсілі: тек электронды түрде (кейінірек порталдың мекенжайы жарияланады);

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылдың қараша айының басында;

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

Тұрғын үй келесі мерзімге беріледі: 5 жыл, ұзарту құқығынсыз;

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000 – 15 000 теңге;

Шарттары:

– 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;

– аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;

– Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;

– өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;

– төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш берушінің ЭЦҚ кілті;
  2. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы, балалары болған жағдайда) жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;
  3. Дипломның сканерленген нұсқасы (жоғары білім туралы диплом, мектеп аттестаты, біліктілік, арнайы-техникалық білім туралы диплом – бар дипломдардың бірі);
  4. . Неке қию туралы куәліктің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  5. Балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  6. Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда жұбайы, балаларына да);
  7. Жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы (меншік нысанындағы мемлекеттік органдардың «ММ», «КММ», «РММ», «МКҚК», «РМҚК», «ШЖҚ МКК», «ШЖҚ РМК» қызметкерлерінде жұмыс орнынан мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі көрсетілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі анықтама болуы тиіс);
  8. Еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін БЖЗҚ зейнетақы аударымдары туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
  9. Зейнетақы аударымдары есептелмейтін әскери қызметшілерге жұмыс орнынан Сіз тұрғын үй төлемдерін алмайтындығыңыз туралы анықтаманы қоса беру қажет;
  10. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қызметтік тізімді ұсынуы қажет (болмаған жағдайда, ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың бірін ұсынуы қажет);
  11. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (карточкалық шот, ағымдағы, жинақ, дебеттік шот және т. б. – бар шоттардың бірі);
  12. Банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірменің сканерленген нұсқасы;
  13. Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттың сканерленген нұсқасы;
  14. Жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады;
  15. Егер сіз еңбек демалысында немесе ауырған болсаңыз, соның салдарынан Сіздің табысыңыз соңғы 6 айдын бірінде төмендеген болса, демалыс туралы бұйрықты немесе еңбекке жарамсыздық парағын қосымша ұсыну қажет.

Қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі.

  • Отбасының болуы үшін – 5 балл, Некенің әр жылы үшін – 2 балл;
  • Баланың болуы үшін-1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;
  • Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін -1 балл;
  • нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге – 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);
  • жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
  • өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;
  • екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтарды үшін – 2 балл.

Қосымша сұрақтар бойынша 109 (ұялы телефон арқылы)  немесе  iKomek +7-700-725-17-32  байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.

 

 

 

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15444 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
40 Пікір
Д
Дана 11.11.2021
Арзан болса
Жауап беру
Д
Дана 11.11.2021
К
Жауап беру
М
Мөлдір 10.11.2021
Бастауыш педагог
Жауап беру
М
Меруерт 08.11.2021
Барлығы өте қымбатт,халықтық жағдайын реттеу қажет
Жауап беру
Д
Дана 05.11.2021
Уй кезегин кутип журмин жалгыз басты анамын
Жауап беру
Б
Бахыт 05.11.2021
Уй алу керек акша коп кетеды патерге
Жауап беру
А
Айгерим 02.11.2021
Жалғыз басты аналарға қалай алуға болама?
Жауап беру
С
Сайпназарова Ильмира 02.11.2021
Азық түлікке
Жауап беру
А
Айгерім 01.11.2021
Декреттегілерге қатысуға бола ма?
Жауап беру
Б
Балжан 01.11.2021
Неге тек Нұрсұлтан қаласы Алматы қаласында неге болмай жатыр қашан болады деп күтілуде
Жауап беру
С
Сандуғаш 01.11.2021
Түркістанда,барма
Жауап беру
А
Ақманар 01.11.2021
Азық түлікке кетеді
Жауап беру
М
Мархамат 01.11.2021
Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қалай береміз
Жауап беру
Р
Рахима 01.11.2021
Кызылорда каласында барма
Жауап беру
М
Мөлдір 01.11.2021
Нұр-сұлтаннан басқа қалаларға да керек еді
Жауап беру
А
Аяу 01.11.2021
Квартирага
Жауап беру
Б
Балзира 01.11.2021
Нақты қащан басталады және өтініш берушінің әйелінің жұмыс істейді деген аэсправкасы керекпа
Жауап беру
Н
Назипа. 01.11.2021
тек нұрсұлтанда ма
Жауап беру
А
Айнур 31.10.2021
Неге тек жастар үлкен азамат азаматшаларғада арнаған осындай бағдарлама?
Жауап беру
Э
Эльвира 31.10.2021
Астана каласына патер куны оте кымбат
Жауап беру
К
Калима 31.10.2021
Ешким жауап бермейтын болса,мунда жазганнан не пайда
Жауап беру
М
Мукажанова Ботагоз 31.10.2021
Бұл категорияға жатпайды екенмін өкініштіі
Жауап беру
А
Айсулу 31.10.2021
Мен кв алуым керек жумыс жасаймын екі балам бар мать одиночкамын калай алсам болады
Жауап беру
Н
Нурбек 31.10.2021
Мен канша болды кезекте турганыма жылжымайды 5баламен квартирада турам
Жауап беру
А
Айгуль 31.10.2021
Алматыдан берілема маған уй 3/4бөлмелі менің 6 балам бар 7аяғым аур
Жауап беру
Н
Нагима 31.10.2021
Алматыда кашан болады
Жауап беру
Б
Балпыкпай 01.11.2021
Сошан
Жауап беру
Б
Бақытхан 31.10.2021
Бұл құжаттарды қалай, кімге жіберемін.Бәрін фотоға түсіріп ватсапқа жіберемін бе
Жауап беру
Б
Бақытхан 31.10.2021
Даулет мырза,Жұмыс орнынан анықтама дегенде ЖШС жатадыма.Мен Магнумда Жұмыс істимін.
Жауап беру
С
Сымбат 31.10.2021
Қызылорда облысында қашан болады екен бұл бағдарлама?
Жауап беру
М
Мөлдір 31.10.2021
Алматы қаласында бұндай өтінімдер қабылдама екен
Жауап беру
Г
Гулнур 31.10.2021
Орал каласында болмайма Дәулет мырза
Жауап беру
Ш
Шырайгүл 31.10.2021
Алматы қаласында қашан басталады
Жауап беру
Л
Лаззат 31.10.2021
Алматыда кашан басталады
Жауап беру
31.10.2021
Жаңаөзенде де осылай программа болмаймекен
Жауап беру
м
мина 27.10.2021
алматы қаласында косылса жаксы болушы еді сосын неге жумысы барларга береді жумысы жоктар калаи болад
Жауап беру
Е
Ергали 26.10.2021
Алматы каласында бул жоба кашан косылады неге букил калаларды коспайды?
Жауап беру
Ж
Жандос 26.10.2021
Шымкентте қашан басталады?
Жауап беру
А
Адилбек 26.10.2021
Тек Нұрсұлтан қаласындама. Орал қаласында қашан болады?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл