Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Солтүстік-батыс циклонның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыс пен оңтүстік-батыста қатты жауын-шашын түсіп, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал.
Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн ашық, жауын-шашынсыз болады.
Астана: күн ала бұлтты, +24…+26 °C. Жел 9–14 м/с.
Алматы: күн ала бұлтты, +25…+27 °C. Жел 3–8 м/с.
Шымкент: күн ашық, +34…+36 °C. Жел 8–13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.
Түнде және таңертең солтүстік, шығыс, орталық пен батыс аймақтарда тұман күтіледі. Орталық өңірлерде ауа температурасы +2…+10 °C-қа дейін төмендеп, кей жерлерде –2 °C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында өрт қауіптілігінің ең жоғары – 5-сыныбы жарияланды.