Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда қыркүйек айынан бастап мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді азаматтардың есепшотына түсетін қаржы ағыны белгілі бір межеден асқан жағдайда, ол кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, үш ай ішінде бір адамның банк картасына әртүрлі адамдардан 100-ден артық аударым жасалып, жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, ол ресми табыс ретінде есептеледі. 2025 жылға бекітілген ең төменгі жалақы көлемі – 85 мың теңге. Осылайша, белгіленген шек 1 миллион 20 мың теңгені құрайды.
Бақылау қалай жүргізіледі?
Банк жүйелері белгіленген лимиттен асқан операцияларды тіркеп, тиісті ақпаратты Мемлекеттік кірістер органдарына жеткізеді. Кейін салық қызметі бұл деректерді талдап, кәсіпкерлік қызметке ұқсас жағдайларды анықтайды.
Шектен асса не болады?
Егер мобильді аударымдардың кәсіпкерлік табысқа жататыны расталса, азаматқа ресми хабарлама жолданады. Хабарлама алынған күннен бастап 30 жұмыс күн ішінде заңбұзушылықты түзету міндеттеледі. Ал егер талап орындалмаса, салық органдары тексеріс тағайындайды.
“Рақмет”, “қарыз”, “қайтарым” деп жазу мәселені шешеді ме?
Көпшілік арасында ақша жіберген кезде жазылатын түсіндірме мәтіндері (“қарыз”, “қайтардым”, “рақмет”) тексерістерден құтқара ма деген сұрақ жиі қойылады. Бұған қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті бұған дейін жауап берген болатын: мұндай жазбалар салықтық талаптардан босатпайды.
Тағы көру