Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Dauetten.kz сайты оқырман қауымға бүгіннен бастап елімізде қандай өзгерістер күшіне енгенін ұсынады.
Ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарды ластау, мас күйде жүру секілді тәртіп бұзушылықтар үшін айыппұлдың орнына 20–80 сағат қоғамдық жұмыс қарастырылған.
Зейнетке шыққанда төлемдер автоматты түрде тағайындалады.
Сонымен қатар: • кейбір табыстардан жарна ұсталынбайды • жерлеу төлемі қарастырылған; • шоттағы қалған қаражат отбасыға беріледі.
Студенттердің стипендиясы • Бакалавриат – 52 372 тг • Педагогикалық бағыт – 84 000 тг • Магистратура – 117 098 тг • Докторантура – 262 500 тг.
9-сыныптан кейін жұмысшы мамандықтарын тегін оқуға болады.
Мектептерде жеке қауіпсіздік сабақтары қайта енгізіледі;
– Оқу бағдарламасына жасанды интеллект қосылады;
– Ас мәзірінде қант пен тұз азаяды.
3 айда әртүрлі адамдардан 100-ден астам аударым түсіп, жалпы сома 1 млн теңгеден асса – кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады.
Мемлекеттік қызметкерлер 15 қыркүйекке дейін AITU ұлттық мессенджеріне көшуі тиіс.
"Үйді күтіп-ұстау" жарнасы енді үшке бөлінеді: қазіргі, жинақтаушы және мақсатты.
15 қыркүйектен бастап тұрақты жалдамалысы бар немесе табысы 1,4 млн теңгеден асатындар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.
2011 жылғы 5000 теңгелік купюралар 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін жарамды. Кейін банктер мен Қазпоштада 3 жыл, ал Ұлттық банкте мерзімсіз жаңа банкноттарға айырбастауға болады.