Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тамыз айының соңында елімізде маңызды мерекелердің бірі – Конституция күні аталып өтеді. Бұл күн Қазақстанның негізгі заңы қабылданған сәтпен тікелей байланысты. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституция – мемлекетіміздің дамуындағы тарихи құжат. Сол себепті мереке жыл сайын дәл осы күні тойланады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:
2025 жылы 30 тамыз сенбіге сәйкес келеді. «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күндері жұмыс күніне түскен жағдайда, ол келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осыған байланысты қазақстандықтар 1 қыркүйек, дүйсенбі күні де демалатын болады.
Яғни тамыз айында бес күн жұмыс істейтін азаматтар үшін жалпы 10 күн демалыс болады.
Нақты кесте:
• 30 тамыз (сенбі)
• 31 тамыз (жексенбі)
• 1 қыркүйек (дүйсенбі)
Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:
Аптасына алты күн еңбек ететіндер де мерекелік демалыстан тыс қалмайды. Олар 30 және 31 тамыз күндері демалады, бірақ 1 қыркүйек – жұмыс күні болып қала береді.
Осылайша, алты күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлер тамыз айында 6 күн демалады.