Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көпбалалы отбасыларға қанша теңге төленеді?
Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға қанша теңге төленеді?

20.08.2025
мин
2
1740
Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Биыл жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 354 млрд теңгеден аса жәрдемақы алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі. 2025 жылы мынадай:

  • 4 баласы бар отбасыларға - 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
  • 5 балаға - 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
  • 6 балаға - 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
  • 7 балаға - 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға - әр балаға 4 АЕК немесе  15 728 теңге.

Наградталған аналарға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға жәрдемақы ай сайын мына мөлшерде төленеді:

  • "Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға - 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
  • "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға - 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Б
Бахыт 20.08.2025
Осыны ай сайын жазып не керек? Бір ақшасын қосқанда жазса болады ғой
Жауап беру
А
Ақзер 20.08.2025
Неше осыны қата қайта жаза бересіздер қаңтар айынан бастап алып жатырған ақша емес па
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл