Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы әкімдігі Алатау ауданы тұрғындары неге бір тәуліктен бері жарықсыз отырғанын түсіндірді
Жаңалықтар

Алматы әкімдігі Алатау ауданы тұрғындары неге бір тәуліктен бері жарықсыз отырғанын түсіндірді

14.11.2025
мин
1
195

Алатау ауданында 13 қараша кешке сөнген электр энергиясына қатысты жаңа мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ауданның бірқатар шағынауданын жарықсыз қалдырған апаттың нақты себебі белгілі болды.  :оғары кернеулі желілер «MAGNUM E-COMMERCE KAZAKHSTAN» ЖШС тапсырысымен жүргізілген газ құбырын көлденең бағытта бұрғылау жұмыстары кезінде зақымдалған. Бұл жұмыстарды МП «ГазЭнерджи» ЖШС орындаған.

Апат 13 қараша күні шамамен сағат 18:00-де тіркелген. Түні бойы апаттық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп, 00:15-те бірінші желі қалпына келтірілді, нәтижесінде бірқатар тұтынушыға жарық берілді.

14 қараша таңертең Саялы, Ақбұлақ, Зерделі шағынаудандарында, сондай-ақ «Софья», «Арена Парк» және ішінара «Ақкент», «Дарабоз» тұрғын үй кешендерінде жарық қайта қосылды.

Ал қазіргі таңда Теректі (5 көше), Алғабас (5 көше), Ақкенттегі 10 үй, Нұркенттегі 14 үй жарықсыз отыр.

– Қазір зақымданған аумақта қазу жұмыстары жүріп жатыр. Жер қазу аяқталған соң мамандар муфта орнатып, желіні толық қалпына келтіруге кіріседі, - делінген хабарламада.

Әкімдік бүгін сағат 18:00-ге дейін электр қуаты толық беріледі деп уәде етті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Б
Баян 14.11.2025
Алы берылген жок жарык бугун ушкун болады
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл