| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматының Төле би көшесінде жолдың бір бөлігі опырылып, жолаушылар автобусының дөңгелегі шұңқырға түсті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қала әкімдігі оқиға орнына мамандар мен арнайы техниканың жіберілгенін хабарлады
Алматыда нөсер жаңбырдан кейін Төле би көшесінің бойында жолдың бір бөлігі опырылып, қоғамдық көлік қозғалысына кедергі келді.
Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан автобустың жол жиегіндегі шұңқырға түсіп, сол жерде тұрып қалғанын көруге болады.
Оқиғаға байланысты Алмалы ауданының әкімдігі түсініктеме берді. Қала билігінің мәліметінше, бұл аумақта жеңіл рельсті көлік желісін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әкімдік құрылыс кезінде жолдың жекелеген учаскелерінде опырылу болғанын атап өтті. Осыдан кейін жауапты мамандар мен қажетті арнайы техника оқиға орнына жіберілген.
Қазір автобусты шұңқырдан шығару және жолдың зақымданған бөлігін қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.
Қала әкімдігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және туындаған мәселені жою үшін тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.