Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады?
Жаңалықтар

Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады?

23.01.2023
2 мин
31
12171

Әр Қазақстан азаматында қанша гектар жер болуы керек екені бекітілді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек ведомствоның кеңейтілген мәжілісінде айтты.

«Биылғы 11 қаңтарда Үкімет жер пайдалану құқығы бір қолда болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасын мақұлдады.

Республика бойынша орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті (ең жоғары) мөлшері 35 мың гектар, заңды тұлғалар үшін – 51 мың гектар мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте осы норма енгізілгенге дейін берілген жерлер бойынша тиісті талдау жүргізіледі», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасатынын атады.

«Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарды айқындауды, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар салатын айыппұлдардың шекті мөлшерін ұлғайтуды, сондай-ақ әкімдіктердің лауазымды адамдарының сауда-саттық пен конкурстарды және өткізбеу немесе уақтылы өткізбеу жауапкершілігін анықтауды және т.б. көздейтін мәселелер бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы әзірленді.

«Биылғы 18 қаңтарында Заң жобасы Парламент Мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданып, Сенатқа жолданды», - деді Әбілхайыр Тамабек.

Фото: іnbusiness.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
31 Пікір
А
Анарбай 31.01.2023
Жер қарапайым адамдарға пайдаланамын десе берілсе жақсы болар еді .Жоңышқа,жүгері егіп алар едік.Төрт түлік өсірер едік.Өлгенімізше немерелерімізге үйретіп кетер едік
Жауап беру
н
нұржан 31.01.2023
осы немелердің заңды толғасы кім болды?
Жауап беру
Г
Гулжан Мухаммеджанқызы. 28.01.2023
Сонда қарапайым шаруа адамдарымен фермерлерге 35мың гектарма ,ал заңды тулғалар дегеніміз укімет басында отырған ,атқа мінер ағаларымызба .Мен солай тусіндім .Бізде сонда Қазақстанда заңды тулғалар елден ерекшема.Қазақстанның заңы барлық адамға бирдей емеспа .Тусініксіз жазған кім жазсада .Неге қарапайым тілмен жазып қоя салу қиынба сонда заңды.
Жауап беру
Ә
Әскен 31.01.2023
Заңды тұлға ол ип или ТОО сы бар адамдар
Жауап беру
З
Зүбайда Тұмарбекқызы 25.01.2023
Сұрақ өте анық . Ал жауап жалпылама шаруашылық жүргізушілерге ме түсініксіз , Əр адам (отбасы) ға қанша сондтықтан? Бұрынғыдай 8 сотықтан шығар ?
Жауап беру
А
Аян 25.01.2023
Сонымен 2023те берилип калуы мумкын ба сонда ?
Жауап беру
С
Серікбол 24.01.2023
Бұл заңдарың кімнің қамы үшін екен?.жай қарапайым халыққа ма.?әлде.....
Жауап беру
Е
Ернар 24.01.2023
Сенатқа жолданды? Заң әлі мақұлданбағанба?
Жауап беру
А
Ақ дәме 24.01.2023
Жер берілсе жақсы болар едік арендаға аламыз дарбыз егеміз одан паида көріп жатқанымыз шамалы
Жауап беру
З
Зулфия 23.01.2023
10-14 гектар ең кемі, бау бакша, шөп, дәнді дақыл еккенге тек ауылдық жерде туратындарға. қалаға көшсе жерді кері қайтарсын. бай бағландар қалада турып мыңдаған гектарлары бар.
Жауап беру
23.01.2023
Кай жерде жазылып тур канша берилу керектиги
Жауап беру
Б
Бәкең 23.01.2023
Жер сатқандар Ел сатқандар
Жауап беру
З
Зулфия 23.01.2023
10-14 гектар ең кемі, бау бакша, шөп, дәнді дақыл еккенге тек ауылдық жерде туратындарға. қалаға көшсе жерді кері қайтарсын. бай бағландар қалада турып мыңдаған гектарлары бар.
Жауап беру
Н
Назира 23.01.2023
Өте дұрыс айттыңыз, мен ауылда тұрамын және мен тұратын ауыл қалаға тиіп тұр.Жер ұлестірілген кезде біздің отбасымыз үш жарым гектар берілген , ал қалада тұратын ауылға мүлде қатысы жоқ дөкейлер 100 гектарлап жер алған,сол жерді арендалық береді де оңай ақшаға ие болып жатады, ал біз барына шүкір деп отырамыз,әділдік қайда.Ата етеміз,әке шешелеріміз осы ауылда тұрып қалғанына шүкіршілік жасап отыр, амал жоқ
Жауап беру
С
Сәбила 23.01.2023
Ойбуй Құдайдың 10гектар жерін берсе де қуанар едім.2007жылдағы очередь әлі жылжыған жоқ
Жауап беру
С
Сәке 23.01.2023
10 сөтік жерімізді беріңдер. Қаңғытпай елді
Жауап беру
А
Акмарал 23.01.2023
жерде очередь 2007 бері турган 16 жыл почти 20 жыл кутип алама жерди толып турган жерди бермей?
Жауап беру
А
Ақтоты 23.01.2023
Мынау өте көп қарапайым халық егістік жер таба алмай отыр. Үй салуға жер жоқ.
Жауап беру
Қ
Қуаныш Қарағанды 23.01.2023
Шын айтсам ағайын... Мынау өте жаман! Әлемде 9-шы орынды алатын ата-бабамыздан мұра қарған ұлан-байтақ жеріміз бар... Но 2-3 бөлмелі үй салайын десең жер жоқ????
Жауап беру
Е
Ералы 23.01.2023
Жері жоқ жеке тұлғалар егістік үшін тегін жер алуына болады ма? Түркістан облысы
Жауап беру
Л
Лаура 23.01.2023
Физ лицо ретинде Калай жерге очередьке округа болады онлайн? Кишкентай баламен шыга алмай отырмын, босанбай турып барганымды пока заявление кабылдап жаткан жокпыз деген еди
Жауап беру
Ж
Жазира 23.01.2023
Егов аркылы бере аласыз . Личный кабинетиниз аркылы
Жауап беру
И
Индира 23.01.2023
Қалай алуға болады балдарымыз бар келешек ұрпағымызға жолын білсеңіз бөлісіңізші ақпаратпен
Жауап беру
З
Зульфия 23.01.2023
Әуелі 10сот жерді беріп алсын,қалғанын сосын көреміз
Жауап беру
Н
Нургуль 23.01.2023
49жылга берлди гои кезинде Сол жерлер не болады тагы 10жылдан сон сотни битеди гои
Жауап беру
Н
Нургуль 23.01.2023
49жылга берлди гои кезинде Сол жерлер не болады тагы 10жылдан сон сотни битеди гои
Жауап беру
Н
Нургуль 23.01.2023
49жылга берлди гои кезинде Сол жерлер не болады тагы 10жылдан сон сотни битеди гои
Жауап беру
Л
Ләззат 23.01.2023
35мың емес 1гектарда алмай жүрміз
Жауап беру
Б
Бақытгүл 23.01.2023
Енді жерді қайдан алар екен. Мысалы біздің ауылда кезінде 5-10жыл бұрын егінді алқаптың бәрін сол әкімге әке көке деп отырғандар жекешеге шығарып алған. Болашақ сол ауылдың жастарына дымда жоқ. Сол алғанларауылға пайда әкелсе ғой жоқ жай жатыр жер.Игерімлеген деп тартып алу керек
Жауап беру
Н
Нұрғазы 23.01.2023
35 мың деген сұмдық көп жерғой, біздің оңтүстікте адам басында 5-10 гектар ғана ғой.
Жауап беру
23.01.2023
ауылшаруашылықпен,бизнеспен айналысатын адамдарда болу керек
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл