Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Әр дәрігерге – 6 миллион теңге”: Алматылық дәрігерлердің Нью-Йоркке сапарына бюджеттен ірі көлемде қаржы бөлінген
Жаңалықтар

“Әр дәрігерге – 6 миллион теңге”: Алматылық дәрігерлердің Нью-Йоркке сапарына бюджеттен ірі көлемде қаржы бөлінген

08.05.2025
1 мин
0
444
Сурет: ChatGPT

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы 24 аурухана мен емхананың дәрігерлері 2025 жылғы 19 сәуірде Нью-Йоркке бір апталық сапарға аттанғаны туралы ақпарат тарады. Бұл сапарға әрбір қатысушыға шамамен 6 миллион теңге бөлінген. Желі қолданушыларының айтуынша, іссапар конкурссыз және жалғыз жеткізуші арқылы ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Аталған ақпаратты Facebook қолданушысы Юлья Блажнова жариялаған. Оның айтуынша, бұған дейін, 2024 жылдың күзінде, дәрігерлер дәл осындай сапармен Лос-Анджелеске де барған. Ол кезде Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы бір жеткізушімен ешбір конкурс өткізбестен, 166,6 миллион теңгеге келісімшарт жасаған.

- Мұндай сатып алулар ашық конкурссыз жүргізіледі және үнемі бір жеткізушімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу порталының ресми дерегіне сүйенсек, Алматы қаласындағы мемлекеттік ұйымдардың бірі 2024-2025 жылдарға арналған келісімшартты дәл осы жеткізушімен, 166 миллион 620 мың теңге көлемінде, тікелей жасасқан, – деп жазды Блажнова.

Оның айтуынша, әрбір дәрігерлік топпен бірге Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасынан бір қызметкер еріп жүрген.

- Айта кету керек, біздің тарапымыздан басқармаға Лондонда аптасына 2 миллион 850 мың теңге тұратын біліктілікті арттыру бағдарламасы ұсынылған болатын. Бірақ неге басқарма әлдеқайда арзан бағдарламаны емес, құны 6 миллион теңге тұратын сапарды таңдады? Мен бұл туралы 2025 жылғы 4 сәуірде 3886CL кіріс нөмірімен ресми сауал жолдадым. Алайда әзірге жауап келмеді, – деді ол.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, біліктілікті арттыру курсы 2025 жылдың 19–26 сәуір аралығында Нью-Йорк қаласында өтті.

- 2025 жылдың 19–26 сәуір күндері аралығында “АҚШ-тың денсаулық сақтау менеджменті тәжірибесі” атты біліктілікті арттыру бағдарламасы Алматы қаласындағы медициналық ұйымдар қызметкерлеріне арналған. Ал 2025 жылдың 11–18 мамыры аралығында Лондонда “Англияның денсаулық сақтау жүйесі” бойынша дәл осындай бағдарлама ұйымдастырылады, – делінген ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ, басқарма мәліметі бойынша, әрбір қатысушы үшін жолдама құны 5,35 миллион теңгеден 6 миллион теңгеге дейін. Сапарға 25 дәрігер қатысады. Осылайша, жалпы шығын көлемі 133–150 миллион теңге аралығында болуы мүмкін.

Басқарма сондай-ақ 2024 жылы ұйымдастырылған Лос-Анджелеске сапар туралы да пікір білдірді. Олар бұл сапардың да ағымдағы іссапар сияқты мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында өткенін мәлімдеді.

- Мемлекеттік сатып алу порталындағы деректерді сараптау нәтижесінде, 2024–2025 жылдар аралығында басқарманың 166,6 миллион теңгеге келісімшарт жасамағаны анықталды. Сондықтан тараған кейбір ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Барлық келісімшарттар ашық түрде жарияланған, – деп жауап берді басқарма.

Сондай-ақ, басқарманың мәлімдеуінше, шетелге сапарға қатысатын қызметкерлерді медициналық мекемелердің бас дәрігерлері іріктеген.

Сапар нәтижесі қандай болды?

Сапар барысында алматылық дәрігерлер әлеуметтік желіде Нью-Йорктегі суреттерін бөліскен. Юлья Блажнова бұл жазбаларды зерттей отырып, дәрігерлер барлық жоспарланған мекемелерге барғанына күмән келтірді.

- Бір апта ішінде тек үш мекемеге барғаны туралы жазылған. Ал шын мәнінде олар бес түрлі клиникаға баруы тиіс еді, – деді ол.

Болжам бойынша, сапар бағдарламасын “KAMADA Conference” ЖШС жасаған. Бірақ дәрігерлер нақты қанша ұйымға барғаны белгісіз күйде қалды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл