Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресей мен Финляндия зерттеушілерінің бірлесіп жүргізген талдауы Жер шарының айтарлықтай суытатынын болжайды. Бұл жағдай жаңа шағын мұз дәуірінің басталуына әкеліп соғуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мұндай климаттық өзгерістер төтенше табиғи құбылыстар мен әлеуметтік тұрақсыздықтарға түрткі болуы ықтимал. Бұған дейінгі 1645–1715 және 1310–1370 жылдар аралығындағы шағын мұз дәуірлері күрт климаттық өзгерістердің адамзатқа қандай қиындықтар тудыратынын айқын көрсеткен.
Мамандар бұл суық кезеңдерді Күн белсенділігінің төмендеуімен және жанартаулар атқылауымен байланыстырады. Күн сәулесінің азаюы уақытша болса да, адам әрекетінен туындаған жаһандық жылыну үдерісін бәсеңдетуі мүмкін. Дегенмен бұл құбылыстың ұзақ мерзімді әсері адамзат үшін өте қауіпті болуы мүмкін.