443.96
487.73
5.38
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астана тұрғындарының назарына: ыстық су үшін төлем дұрыс есептелуі үшін не істеу керек?
Жаңалықтар

Астана тұрғындарының назарына: ыстық су үшін төлем дұрыс есептелуі үшін не істеу керек?

17.11.2026
0 мин
0
438
Сурет: ЖИ

Астана тұрғындары ыстық су есептегіштерінің көрсеткіштерін ай сайын 14-інен бастап айдың соңына дейін тапсыруы қажет. Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» АҚ ескертті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кәсіпорын мәліметінше, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында коммуналдық төлемдердің дұрыс есептелуі үшін есептегіш көрсеткіштерін уақытылы әрі нақты жолдау маңызды.

Есептегіш құралдарының көрсеткіштері тұрғындардың нақты қанша ыстық су тұтынғанын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан төлем дұрыс есептелуі үшін мәліметтерді белгіленген мерзімде тапсыру ұсынылады.

Есептегіш көрсеткіштерін қалай дұрыс тапсыру керек?

Есептегіштің түріне қарай көрсеткіштерді енгізу тәртібі әртүрлі:

  • Механикалық есептегіште тек қара түспен белгіленген сандар енгізіледі. Қызыл түсті сандарды көрсету қажет емес.
  • Электрондық есептегіште үтірге дейінгі бүтін сандар ғана жазылады. Үтірден кейінгі бөлшек сандар есепке алынбайды.

Көрсеткіштерді қайда жіберуге болады?

Астаналықтар есептегіш көрсеткіштерін үйден шықпай-ақ бірнеше тәсілмен жолдай алады:

Сондай-ақ тұрғындар Тұран даңғылы, 12 және Қажымұқан көшесі, 8А мекенжайларындағы қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.

Қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі:

  • Дүйсенбі–жұма: 07:30–18:00;
  • Сенбі: 09:00–13:00;
  • Жексенбі: демалыс.

«Астана-Теплотранзит» АҚ тұрғындарға ыстық су есептегіштерінің көрсеткіштерін ай сайын уақытылы тапсыру қажеттігін еске салды. Бұл тұтынылған ыстық су көлемін нақты есептеп, коммуналдық төлемдердің дұрыс шығарылуына мүмкіндік береді.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15758 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл