| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау қаласында мектептегі келіспеушіліктен кейін 10-сынып оқушысы жоғалып кетті. Жасөспірім қызды іздестіру жұмыстары жеті күннен бері жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқушының анасының айтуынша, оқиғаға дейін мектеп әкімшілігімен жанжал туындаған. Атап айтқанда, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен келіспеушілік болғаннан кейін оқушылардан жазбаша түсініктеме талап етілген.
Сол күні қыз үйіне келгенімен, кейін қайта шығып кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. Қазіргі уақытта оған ресми түрде іздеу жарияланған.
Оқиға қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр. Ата-аналардың сөзінше, олар мектеп басшылығының жұмыс тәсілдеріне тексеріс жүргізуді сұрап, тиісті органдарға ұжымдық өтініш жолдаған.
Құзырлы мекемелер жасөспірімді іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Ресми ақпарат пен іздеу нәтижелері бойынша қосымша мәліметтер жарияланатын болады.