447.73
502.98
5.35
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Азия ойындары: Қазақстан қоржынына бокстан тағы бір алтын түсті
Спорт

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына бокстан тағы бір алтын түсті

02.10.2026
мин
0
51

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Бұл — Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы бокстан екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан чемпион атанған болатын. Ол финалда Иордания өкілі Зейад Ишашты 5:0 есебімен жеңді.

Айбек Оралбайдың жеңісі Қазақстан боксшыларының құрлықтың басты додасындағы табысты өнерін жалғастырды. Ұлттық құрама дәстүрлі түрде Азиядағы жетекші бокс командаларының қатарында. Соңғы жылдары елімізде бұл спорт түрін дамытуға бағытталған жұмыстар жаңа серпін алды.

Елімізде ұлттық құраманы және спорт резервін даярлау жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп, спортшыларды ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық сүйемелдеуге баса назар аударылуда. Сонымен қатар ірі халықаралық жарыстарға сапалы дайындалуға қажетті жағдай жасау және қазақстандық боксшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

Бұл жұмыстардың нәтижесі халықаралық аренада да көрініс тауып келеді. Қазақстандық боксшылар ірі халықаралық жарыстарда тұрақты түрде жүлде алып, отандық бокс мектебінің қалыптасқан дәстүрін жалғастыруда.

Айчи–Нагоядағы Азия ойындарында екі чемпиондық атақтың жеңіп алынуы — Қазақстан боксының жоғары әлеуетінің тағы бір дәлелі. Төрехан Сабырханнан кейін Айбек Оралбай да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Еске салайық, Айчи–Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл