447.73
502.98
5.35
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маусымдық тұмаудан қалай қорғануға болады? Қазақстанда тегін вакцинация науқаны басталды
Жаңалықтар

Маусымдық тұмаудан қалай қорғануға болады? Қазақстанда тегін вакцинация науқаны басталды

02.10.2026
мин
0
89

Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау науқаны ресми түрде старталды. Осы мақсатта мемлекет есебінен 2,1 миллион доза тегін вакцина сатып алынған. Бүгінде алғашқы 564 мың доза елге жеткізіліп, аймақтарға таратылып жатыр. Қалған өңірлерге препараттар 5 қазанға дейін толық жеткізіледі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Вакцинация кай өңірлерде басталды?

Қазіргі уақытта тұмауға қарсы екпе салу жұмыстары Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында басталды.

Медициналық ұйымдарға екпе жеткізілген бойда, белгіленген кестеге сәйкес тұрғындарды егу процесі жүргізілуде. Қалған облыстарға препараттар 5 қазанға дейін кезең-кезеңімен таратылып бітеді.

Кімдерге екпе тегін салынады?

Мемлекеттік иммундау бағдарламасы аясында тұмау асқынуларына бейім санаттағы азаматтар бірінші кезекте егіледі:

 Медицина қызметкерлері;

 Диспансерлік есепте тұрған балалар;

 Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;

 Арнаулы медико-әлеуметтік мекемелердің қамқорланушылары мен қызметкерлері;

 Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқтыру қаупі жоғары азаматтар.

Аймақтардағы жауапты мекемелерге вакцинациялауды бекітілген мерзімде сапалы ұйымдастырып, нысаналы топтарға толық қолжетімді ету тапсырылды.

Неге қазан айында екпе алған абзал?

Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, қазан айы — вирустық аурулардың маусымдық өршуіне дейінгі ең қолайлы уақыт.

Вакцина салғаннан кейін ағзада вирусқа қарсы берік иммундық қорғаныс қалыптасуы үшін біршама уақыт қажет. Аурудың алдын алу инфекцияның ауыр өтуінен және әртүрлі қауіпті асқынулардан сақтайды.

Науқанға қандай препарат қолданылады?

Биылғы тегін иммундау науқанында ресейлік өндірістің «Гриппол®» препараты пайдаланылады. Оның штамдық құрамы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) алдағы маусымға арналған ресми ұсынымдарына толық сәйкес келеді.

Тегін вакцина алуға құқылы азаматтар өздері тіркелген аумақтық емханаға жүгінуі керек. Емдеу мекемелерінде егу кестесі мен тәртібі туралы толық ақпарат беріледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл