Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде 15 мыңға жуық шетелдік азамат жұмыс істейді
Жаңалықтар

Елімізде 15 мыңға жуық шетелдік азамат жұмыс істейді

27.09.2023
1 мин
0
982

Еңбек министрлігі ел аумағында 14 571 шетел азаматы еңбек ететінін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 527 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 732 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 322 және 727 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 956 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 307 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 424 жұмыс беруші бар. Оларда 474,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,9% - ы құрайды»,- делінген хабарламада.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 986  адам (34%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 867 адам (12,7%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам (9,3%), өңдеу өнеркәсібі – 1 219 адам (8,3%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 907 адам (6%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 771 адам (26,2%), Өзбекстан – 2 002 адам (13,3%), Түркия – 1 370 адам (9,2%). Үндістан – 1 363 адам (9,4%),

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл