Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді қазақстандықтар онлайн несие ала алмауы мүмкін
Жаңалықтар

Енді қазақстандықтар онлайн несие ала алмауы мүмкін

10.05.2023
1 мин
1
1022

Үкіметтің жалпы отырысында «AMANAT» фракциясының мүшелері Бас прокурор мен  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрайымына интернеттегі алаяқтық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бұл мәселенің шешілетін түрі жоқ.

«Проблеманы қанша рет көтерсек те, мәселенің шешілетін түрі жоқ, керісінше жылдан жылға ушығып барады. Дабыл қағып отырғанымыз да сондықтан. Мәселен, соңғы 5 жылда аталған қылмыс түрі бес есеге өскен: 2018 жылы 4 287 факт анықталса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша осындай 20 444 қылмыс тіркеліпті. Ал, биылғы жылдың алғашқы тоқсанының өзінде-ақ 4 687 интернет-алаяқтық қылмысы жасалған. Құқық қорғау органдары соның небәрі 23%-ның ғана бетін ашыпты. Соңғы 3 жылда келтірілген шығын 35 млрд теңгеден асып жығылды»,- деді депутат.

Бірнеше ұсыныс тастаған мәжілісмен, түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті.

   «Азаматтарға микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн несие рәсімдеуге электронды үкімет базасында тыйым салудың мүмкіндігін тездетіп енгізу және елімізде заңсыз лотереялардың, қаржы пирамидалары мен өзге де заңсыз қаржылық операциялармен күрес қалай жүргізілетінін түсіндіру»,- деді ол.

      Фото: ғаламтордан

 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Н
Нурмухаммед 31.08.2023
Несйе алиу
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл