Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Таразда 18 жылдан бері іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды
Жаңалықтар

Таразда 18 жылдан бері іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

29.03.2024
1 мин
0
2108
Фото: polisia.kz

Таразда 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Dauletten.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады.

«Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі таңда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл