Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Геном: Асыл қасиет және азғындық деген не?
Маман пікірі

Геном: Асыл қасиет және азғындық деген не?

16.05.2023
5 мин
2
1345

Болашақ ұрпақтың тағдыры кім-кімді де ойландырады. Осы мәселеге қоғам қазірден бастап белсенді түрде араласпайынша, қасіреттің арылмайтыны анық. Жас балалардың ауру туылуы, кемтарлық жиілеп барады. Бұл кеселдің түрін мединцинада «хромосомдық аурулар», болмаса, геннің бұзылуы, шатасуы деп атайды. Осы орайда жоғары санаттағы дәрігер, социал-гигенист Ғазиз Есқалидің геном түсінігіне қатысты пікірін білген болатынбыз. Толығырақ Dauletten.kz cайтынан оқи аласыз.  

Геном дегеніміз – хромосомалық тұқымқуалау факторларының жиынтығы.

Генеология – шыққан тегін (шежіре) тарату.

Асыл қасиет деген – көлемі үлкен ұғым. Ол өміршеңдік, ұзақ өмір сүру белгілерінің жиынтығын өз бойында молырақ жинаған ұрпақ. Ата-анадан ұрпаққа берілетін осы бір Асыл қасиетке кіретін ақыл, денсаулық, жігер, қайрат, зерде, қуат, рух деген ұғымдар бөлінбей бірге жүреді. Сондай-ақ, сезімталдық, иіс сезгіштік, дәм айыра білу, тіпті талғампаздық қасиеттер де әр адамда әртүрлі болып келеді. Адам баласы жер бетінде пайда болған заманда, организмге қажет затты, зиянды заттарды, тіпті дәрілік және қатты улы заттарды шатаспай дәл анықтайтын қасиеттер қазіргі адамдарға қарағанда анағұрлым басым болған, тіпті улы заттардың мыңдаған түрін иісінен айыра алатын, ауырса дәріні, шөптерді өзі іздеп табатын қасиет, иттерден бір де бір кем болмаған. Қазіргі заманда да ондай адамдар кездеседі.

Азғындық деген геномнің тозуы, анадан балаға берілетін асыл қасиеттердің біртіндеп жоғалтуы, геномнің шатасуы, қабілетсіздігі.

Азғындыққа туа біткен кемтарлық, аурушаңдық, зердесіздік, ақылсыздық, жігерсіздік, талғамсыздық, гомосексуализм, т.б. көптеген белгілер жатады. Оны қазақ бір сөзбен қасиетсіз деген ұғыммен анықтайды.

Мал баққан қазақ оны асылдандырумен ұдайы айналасқан және генетика заңын өте жақсы білген. Мысалы, жылқы малы үй жануарлары ішіндегі өзінің асыл қасиетін ең көп сақтаған жануар. Оның себебі де бар. Қазақтар, егер де, айғыр өз ұрпағын үйірден қуып шығармаса, оларды танымаса, боранда адасса, шөп су таба алмаса, үйірін қасқырдан қорғай алмаса, ондай айғыр азғындыққа ұшырады деп танып, оны соғымға сойып, үйірге жабайы жылқының ұрпағы торпанның айғырын салатын болған, олардың геномі үй жылқысына қарағанда бір генге артық.

Жылқы демекші, өткен ғасырда оқымыстылар зебра жылқысы мен үй жылқысын будандастырмақ болған. Сөйтіп, зебра жылқысының айғырын үй жылқысының биелерден тұратын үйіріне әкеліп салған. Содан бір жыл ұстаған. Айғыр биелерге шапқанымен, одан ұрпақ болмаған. Бұдан еш нәтиже шықпаған соң, оқымыстылар, «түрлер табиғи жағдайда бір-бірімен араласпайды» деген қорытындыға келіп, үйірге үй жылқысының айғырын қосады. Жыл өткен соң, үйірде құлындар пайда болады. Бір ғажабы, кейбір құлындардың арасында зебраға тән жолақтары бар құлындар да болды. Бұдан оқымыстылар жатырда болған шуәйіттен (спермадан) ұрық дамымаған күннің өзінде де келесі ұрпақтың геноміне өз белгілерін беретін қабілеті бар екенін анықтайды. Бұл заңдылықты қазақтар көне заманнан білген. «Қазақ жесірін жатқа бермеген» деген нақыл сөз осыдан туған. Күйеуі өлген жесір әйелді оның күйеуінің не ағасына, не інісіне атастырған. Бұның бәрі болашақ ұрпақтың қамы, оның геномінің тазалығын сақтауға бағытталған. Бір-бірімен туыстық қатынасы жоқ әртүрлі ер адаммен бас қосқан әйел адам дүниеге нәресте әкелгенде ол балада барлық аурулар топтасады, содан ұрпақ аурушаң, әлсіз болып дүниеге келеді.

Азғындыққа ұшыраудың көрінісін шошқадан көруге болады. Шошқа ықылым заманнан адамзат қолында бағымда болғандықтан, өзінің табиғи қасиеттерінен түгелге дерлік айырылғын. Өз нәжісін, өз баласын өзі жейді. Өзінен туған балаларын айыра алмайды, өз баласына түседі, өз әкесінен туады. Міні еркекпен еркек тұру, әйелмен әйел бірге тұру (гомосексуализм) толып жатқан қоғамдағы көріністер – ол қасиетсіздік, азғындық, ол тәрбиеге көнбейтін құбылыс – бұл геннің зақымдануы. Қазіргі заманда көзі ашық адамзат мүмкіндігі келгенше табиғи жағдайда өндірлген тағам тауып жеуге тырысады. Бұрынғы кезде кең қолданысқа ие болған церебролизин деген шошқаның миынан жасалған дәріден қазірге заманда Еуропаның өзі бас тарты, бұндай мысалдар толып жатыр.

Гендердің үйлесімділігі екі жақта лабораториясыз сезеді, табиғат бүкіл тіршілікті солай етіп жаратқан. Табиғат аналарға жауапкершілікті көбірек жүктеген. Оларды ХУ деген ер адамға қарағанда басым ген бар. Ғылымда оны «доминантты ген» деп атайды. Осы заңдылықты олар жақсы білген. Сөйте тұра, «қызды қырық үйден тый» деген сөз бар, сөйтіп қыз бала тәрбиесіне бүкіл ауыл араласқан.

Қыз бала тағдыры – болашақ ұрпақ тағдыры.

Родология ілімі – соңғы кезде ғарыштап дамып келе жатқан ең жас ілімдердің бірі. ДНҚ тізбегінен тыс, жеке дара жүретін ДНҚ-ларда адамның болашағы толық жазылатыны анықталды.

Ендігі жерде медицина науқастың ата-бабалары жөніндегі мағұлмат арқылы, ол кісіде болашақта кездесетін ауруларды анықтап, оны алдын алуға, яғни емдеуге мүмкіндік алуда. Бұл жерде, әсіресе, қыз балалар ата-тегі туралы толық мағұлматы болуы шарт, ал ұл балалар болса, өзінің нағашылары туралы толық мәлімет алғаны дұрыс. Бұрын соңды бұл мәселеге мән бермей келген болсақ, енді тіпті, бұл мәселе мемлекет деңгейіне көтеріліп, қоғамдағы басты маңызы бар іске айналмақшы. Жастар болашақ жарын таңдағанда оның ауру тарихын, орның амболаториялық картасымен танысуға толық негіз бар. Тіпті осы родология ғылымынң негізінде болашақта мемлекеттік қызметкерлер таңдалмақшы. Ата-бабаларында ұрлыққа, болмаса пара алу, өтірік айту, біреуге қиянат жасау, т.б келеңсіз факторлары бар адамдар мемлекеттік қызметтен аластатылатын болады. Жалпы В.И.Ленин өзінің жемқорлықпен жер бетіндегі мемлекеттірдің күресу жолдарын талдай келе, осындай қорытындыға келген. Ш.Уәлиханов өзінің төртінші томында, «ешқандай түрмесі жоқ, есігінде кілті жоқ, полициялары жоқ қазақ елінің моральдық бейнесі дүние жүзіндегі дамыған елдерден, соның ішінде Ресейден анағұрлым ілгері екенін» жазған.   Ата-бабамыздың кім екен білу, оны зерделеп зерттеу – қазақтың басқа ұлттармен салыстырғанда басты ерекшелігі. Табиғат аясында жүріп, табиғаттың заңдылығын терең зерттеген атам қазақ тек бағып отырған малдарын ғана асылдандыру емес, өздерінің ұрпақтарын да асылдандыруды мақсат тұтқан.

Пікір білдірген: Жоғары санаттағы дәрігер, социал-гигенист  Ғазиз Қаламұлы Есқали

фото: amin.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
D
DR. LOUIS 25.07.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60183956897 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл