439.37
498.6
5.22
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Щучинскіде өртке оранған үйден ерлі-зайыптының мәйіті табылды
Жаңалықтар

Щучинскіде өртке оранған үйден ерлі-зайыптының мәйіті табылды

29.09.2026
мин
0
101
Сурет: Aikyn.kz

Ақмола облысының Щучинск қаласында түнде жеке тұрғын үй лап етіп өртеніп, салдарынан екі адам қаза тапты. Қызыл жалынан 1968 жылы туған ерлі-зайыптылар аман шыға алмады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында түнгі уақытта қайғылы оқиға тіркелді. Жеке тұрғын үйлердің бірінде кенеттен тұтанған өрттің шарпу аумағы 90 шаршы метрге дейін жеткен.

Дабыл түскен бойда оқиға орнына жеткен ТЖД мамандары шұғыл түрде өртті ауыздықтауға кірісті. Тілсіз жаумен күресу кезінде өрт сөндірушілер қирандылар арасынан ер адам мен әйелдің мәйітін алып шықты.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апатты жоюға жеке құрамнан 16 маман мен 4 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шығу себебін анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл