439.37
498.6
5.22
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жеңіске жетелеген талап пен тәртіп: Әлидің спорттағы дара жолы
Жаңалықтар

Жеңіске жетелеген талап пен тәртіп: Әлидің спорттағы дара жолы

29.09.2026
мин
0
149

«Жігітке жеті өнер де аз» дейді халқымыз. Бір бойына білім мен спортты, тәртіп пен табандылықты тоғыстырып, әр саладан өз орнын табуға ұмтылған жастың жолы қашанда өнегелі. Осындай ізденіс пен еңбекті өмірінің басты ұстанымына айналдырғандардың бірі — Жамбыл облысы полиция департаментінің «Арлан» спорт клубының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 3-курс курсанты, полиция сержанты Әли Бауыржан, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әли Бауыржан – бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, кадеттер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионы, халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Жас спортшының жетістіктері оның рингтегі шеберлігімен қатар, спортқа деген табандылығы мен ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесін көрсетеді.

Оның боксқа деген алғашқы қадамы бала кезінен басталды. 2017 жылдан бастап түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие бола бастады. Сол жылы Азия кубогында 3-орын иеленіп, «Ez-2017» халықаралық турнирінде топ жарды. Сондай-ақ Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық бокс турнирінде жеңімпаз атанды.

Кейінгі жылдары жас боксшының жеңіс жолы жалғаса түсті. 2018 жылы республикалық және облыстық жарыстарда бірнеше мәрте 1-орын иеленді. 2019 жылы Жамбыл облысының чемпионатында жеңімпаз атанып, еңбек сіңірген жаттықтырушы О.Кругловтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде 3-орын алды. Сол жылы бокс бойынша IV әлем чемпионатында және VI халықаралық турнирде 1-орынға ие болды.

2020 жылы «Асқар Жұмабаев» атындағы Қордай батыр күрес клубының кубогы үшін өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Ал спорттағы жетістіктері кейінгі жылдары да жалғасын тапты. 2025 жылы Қарағанды қаласында өткен халықаралық турнирде топ жарса, 2026 жылы Өскемен және Тараз қалаларында өткен кәсіпқой бокс бойынша халықаралық турнирлерде 1-орын алды.

Жас спортшының бүгінгі нәтижесі халықаралық бокс кеңістігінде де назардан тыс қалған жоқ. BoxRec әлемдік бокс порталының мәліметінше, Әли Бауыржан Қазақстан және ТМД елдерінің боксшылары арасында рейтингте тоғызыншы орында тұр. Бұл – оның спорттағы тұрақты ізденісі мен рингтегі нәтижелерінің көрінісі.

Бауыржан Әлидің спорттағы жолында білікті бапкерлерінің еңбегі де айрықша. Оны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Вячеслав Титовский мен Бейбіт Есжанов жаттықтырады. Тәжірибелі мамандардың бағыт-бағдары жас боксшының техникасы мен тактикалық шеберлігін жетілдіріп, кәсіби деңгейде қалыптасуына ықпал етіп келеді.

Алайда Әли үшін спорттағы жетістік өмірінің жалғыз бағыты емес. Ол бокс мансабын Қарағанды академиясындағы оқуымен қатар алып жүр. Болашақ офицерлерді даярлайтын оқу орнында курсанттарды оқу сабақтарымен бірге саптық, тактикалық-арнайы және дене даярлығы, кезекшілік пен қатаң күн тәртібі күтеді. Осындай тығыз кестеге қарамастан, Әли спорттағы дайындығын тоқтатқан емес. Ол жаттығу залында техникасын жетілдіруге, физикалық дайындығын арттыруға және тактикалық шеберлігін шыңдауға тұрақты түрде уақыт бөледі. Бір қарағанда, екі бағытты қатар алып жүру қиын көрінгенімен, спортшы үшін бұл – өз мүмкіндігін сынайтын әрі тәртібін нығайтатын орта.

Әлидің айтуынша, спортта да, оқу барысында да ең маңызды қасиеттердің бірі – тәртіп. Бұған қоса, зейін, төзімділік және күрделі жағдайда сабыр сақтай білу де үлкен рөл атқарады. Рингте қарсыластың әрекетін жылдам бағалап, дұрыс шешім қабылдау қажет болса, болашақ полиция қызметінде де жинақылық пен жауапкершілік маңызды.

Осы еңбегі мен спорттағы жетістіктері ескеріліп, Әли Бауыржан «Қазақстан Республикасының спорт саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Бұл – оның спорттағы көпжылдық еңбегі мен жетістіктерін айқындайтын марапаттардың бірі.

Дегенмен жас спортшы үшін кезекті марапат межелі нүкте емес. Ол оқуын жалғастырып, кәсіби білімін жетілдірумен қатар, бокс бойынша спорттық шеберлігін одан әрі шыңдауды көздейді. Алда жаңа жарыстар, жаңа белестер мен жаңа мақсаттар тұр.

Рингтегі әр жекпе-жек Бауыржан Әлиді физикалық тұрғыдан ғана емес, мінез жағынан да шыңдап келеді. Ал академиядағы білім мен тәртіп оны болашақ қызметіне дайындауда. Екі бағыттың тоғысқан тұсында бір мақсат бар – өз ісінің кәсіби маманы болу.

Спортта жеңіске жету үшін қайсарлық қажет болса, қызметте абыройлы болу үшін жауапкершілік қажет. Бауыржан Әли осы екі қасиетті қатар қалыптастырып келе жатқан жас буынның өкілі. Оның бүгінгі жетістіктері — еңбек пен тәртіптің, алға қойған мақсатқа адалдықтың нәтижесі

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл