Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көп жағдайда тұрғын үй сатып алудың бірден бір амалы – ипотекаға баспана рәсімдеу. Десе де, көп адамдар банктен қарызға ақша алудан қорқады. Көпшілік арасында дұрыс жолды таңдауға кедергі келтіретін ипотека жайлы бірнеше аңыздар бар. Осы орайда, жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Александра Шатурованың пікірін білдік.
1. Ипотека - өмір бойы қарыз төлеу
Адамдар арасында «ипотекаға алынған баспана» дегенді естігенде, бұл өмір бойы қарызды өтеу деп түсінеді. Шын мәніне келгенде, баспананы ипотекаға алғанда туындайтын мәселелер адам өзінің қаражатын есептемеуінен болады. Нәтижесінде, ай сайын төлейтін қаражат қарыз алушыға ауыр болғандықтан, адамдар арасында сондай түсінік қалыптасады.
Ай сайынғы төлем сіздің табысыңыздың 40-60%-нен аспауы керек. Сондықтан өтінім берер алдында ипотеканы қандай шарттарда төлеуге ыңғайлы болатынын алдын ала есептеп алған дұрыс. Сондай-ақ ипотеканы төлеу кезінде табысыңыз төмендеген жағдайда, сіз қандай амалдарды қолдана алатыныңызды білуіңіз керек.
Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге сенімді болсаңыз да, барынша ұзақ жылға ипотеканы рәсімдей беруге болады. Бұл жағдайда сіздің төлейтін қарызыңыз жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемінен аз болуы да мүмкін.
Ал жылжымайтын мүліктің жыл сайын өсіп келе жатқан бағасы ипотеканы тиімді қаржы құралына айналдырады. 2020 жылдың соңына қарай жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялар банктік салымдарға қарағанда 6 есе тиімді болды.
2. Ипотекадағы пәтер банкке тиесілі және кез келген уақытта банк меншігіне өте алады
Егер пәтер ипотекада болса, онда жылжымайтын мүлікті несие төленгенше банк кепілге қояды. Сондықтан, сіз баспананы банк рұқсатынсыз сата алмайсыз. Егер сіз ипотека төлемесеңіз, банк пәтерді тартып ала алады. Содан кейін оны сатып, шығындарды жаба алады. Бірақ банк бұндай жағдайларға тек несие алушы қарызын уақытылы төлемей, қарыз мөлшері шектен асып кеткенде ғана бара алады. Шын мәнінде, банк ипотекалық келісімді сақтайды және туындаған мәселелерді шешуге көмектесетін шарттарды ұсынады. Тіпті, ипотекалық үзіліс алуға да мүмкіндік береді.
3. Ипотека рәсімдеу қиын
Көпшілік арасында ипотекаға баспана алу қиын деген түсінік бар. Десе те, қазіргі кезде әр азаматтың жағдайына байланысты түрлі ипотекалық бағдарламалар ұсынылуда. Банктердің ипотека аларда несие тарихы, азаматтың жасы мен отбасы жағдайы, төлем қабілеттілігіне қарауы қалыпты жағдай. Әрине, егер қарыз алушы бұл талаптарға сай келмесе банк оған ипотека беруден бас тарта алады.
4. Егер мен ай сайынғы төлемді азайтсам, ипотеканы тезірек жаба аламын
Кейбір адамдар ай сайын төлейтін соманы азайтатын болсам, ипотеканы уақытынан ертерек жаба аламын деп ойлайды. Бірақ бұл дұрыс түсінік емес. Кез келген банктен алынған қарыз несиенің негізгі бөлігінен және проценттен тұрады. Көбінесе банктер аннуитеттік төлем жүйесін ұсынады. Яғни бұл төлем жүйесін таңдаған адам ай сайын бір соманы төлеп отырады. Алғашында сіз несиенің процентін төлейсіз, содан кейін ғана негізгі қарызды өтейсіз. Сондықтан ай сайынғы төлемнің мөлшерін емес, несиенің мерзімін қысқартқан жөн. Нәтижесінде сіз процентке аз ақша бересіз.
5. Ипотека алу үшін бастапқы жарна міндетті
Әдетте, бастапқы жарна жылжымайтын мүлік құнының 10-тен 50%-ке дейін мөлшерін құрайды. Оны төлеу арқылы сіз банкке төлем қабілеттілігін дәлелдей аласыз. Егер сіздің қолыңызда қаражат болмаған жағдайда, кепіл қою арқылы да ипотека алуға болады. Десе де, бұл жағдайда сіздің ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі жоғары болады. Мысалы, «Орда» ипотекалық бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаны салсаңыз, баспананы жылдық 12%-пен алуға болады. Ал алғашқы жарнаның орнына кепіл қойғанда жылдық 14%-пен баспаналы болуға мүмкіндік бар.
Тағы көру