491.68
568.23
6.2
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жыл басынан бері 163 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері 163 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

12.03.2026
мин
0
97
Сурет: BAQ.kz

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 30,3 мың отбасындағы 163,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалып, жалпы 5,2 млрд теңге көлемінде төленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлауынша, биыл АӘК бағдарламасына бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.

АӘК-тің негізгі мақсаты – отбасыларға ақшалай қолдау көрсету және еңбекке қабілетті мүшелерді жұмыспен қамту шараларына тарту арқылы қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмек беру.

Бағдарлама аясында:

Табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік төлем тағайындалады;

Табысы аз отбасылардағы 1–6 жас аралығындағы әр балаға ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем беріледі. 2026 жылдың наурызында мектеп жасына дейінгі 50,1 мың балаға 618,1 млн теңге көлемінде қосымша төлем тағайындалды;

Жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу арқылы жұмыспен қамтуды қолдау қарастырылған.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК алу үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ауыл округінің әкіміне немесе Электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы онлайн бере алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл