493.85
571.78
6.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні: мерекенің шығу тарихы қандай?
Жаңалықтар

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні: мерекенің шығу тарихы қандай?

08.03.2026
мин
0
622

Жыл сайын 8 наурыз күні әлемнің көптеген елінде Халықаралық әйелдер күні атап өтіледі. Бұл күн – аналарға, әжелерге, қыз-келіншектерге құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылатын ерекше мереке. Көктемнің шуақты шағымен тұспа-тұс келетін бұл күні нәзік жандыларға гүл сыйлап, сый-құрмет көрсету дәстүрге айналған. Ал осы күннің шығу тарихы қандай? Dauletten.kz сайты өткенге бір көз жүгіртті.

Мерекенің тарихи бастауы

Тарихи дерекетерге сүйенсек, Халықаралық әйелдер күнінің қалыптасуына әйелдердің өз құқықтары үшін жүргізген күресі әсер еткен. XIX ғасырдың ортасында, нақтырақ айтқанда 1857 жылы Нью-Йорк қаласында фабрикада жұмыс істейтін әйелдер наразылық акциясына шыққан деген дерек бар. Олар ауыр еңбек жағдайына, ұзақ жұмыс уақытына және төмен жалақыға қарсы шығып, ерлермен тең жалақыны талап еткен. Осы қозғалыстан кейін әйелдердің алғашқы кәсіподақ ұйымдары пайда бола бастаған.

Кейінірек, 1908 жылы Нью-Йоркте тағы да ірі шеру өтті. Оған мыңдаған әйел қатысып, еңбек шарттарын жақсартуды, жұмыс уақытын қысқартуды және сайлауға қатысу құқығын беруді талап етті. Бұл қозғалыстар әйелдердің қоғамдағы рөлі мен құқықтарына назар аудартты.

Клара Цеткиннің ұсынысы

1910 жылы Копенгаген қаласында өткен халықаралық әйелдер конференциясында неміс саясаткері әрі қоғам қайраткері Клара Цеткин арнайы күнді белгілеуді ұсынды. Оның пікірінше, мұндай күн әйелдердің құқықтары мен мәселелеріне әлем жұртшылығының назарын аударуға мүмкіндік береді.

Осы бастамадан кейін бірнеше елде әйелдер күні әртүрлі күндері аталып өте бастады. Мысалы, 1911 жылы Германия, Австрия, Дания және Швейцарияда мереке 19 наурызда өткізілсе, кейін басқа мерзімдерде де тойланған. Ал 1914 жылдан бастап 8 наурыз күні бірқатар елде бір мезгілде атап өтіле бастады.

Ресми халықаралық мереке

1975 жылы БҰҰ 8 наурызды ресми түрде Халықаралық әйелдер күні деп бекітті. Уақыт өте келе мерекенің саяси сипаты әлсіреп, ол әйелдерге құрмет көрсететін, көктем мен мейірімнің символына айналды.

Бүгінде бұл күн көптеген мемлекетте атап өтіледі. Қазақстанда да 8 наурыз – ресми демалыс күні. Мереке аясында аналар мен әжелерге, қыз-келіншектерге алғыс айтылып, олардың қоғамдағы және отбасындағы орны ерекше екені тағы бір мәрте еске алынады.

Осындай айтулы күн біздің елімізде де ерекше атап өтіледі. Жыл сайын осы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншектер мемлекеттік наградалармен марапатталады. Сондай-ақ түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдерге құрмет көрсетіліп, олардың жетістіктері дәріптеледі. Бұл – елімізде әйелдердің қоғамдағы рөлі мен еңбегіне ерекше мән берілетінінің айқын көрінісі.

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Әр әйел бақытты болуға лайықты! Қыз-келіншектер әр күнде құрметке бөлене берсін!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл