| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде жол сапасын жақсартуға басымдық берілмек, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Былтыр ел бойынша 1500 шақырым теміржол салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал биыл 3700 шақырымнан астам жаңа теміржол желілерін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар теміржол саласында жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Қазақстанда 124 теміржол вокзалы жаңартылды.
- Қазіргі таңда жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр. Сондай-ақ вокзалдар қайта жөндеуден өтуде. Себебі олар орташа есеппен алғанда 60 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Тіпті, еліміздегі он вокзал осыдан бір ғасыр бұрын салынған. Жалпы, біз былтыр Қазақстандағы 124 вокзалды түгел жаңғырта бастадық. Бұл жұмыс осы жылдың соңына дейін аяқталады. Мұндай ауқымды бастама алғаш рет қолға алынды, - деді Президент.