Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Хиджама жасату қауіпті ме?
Жаңалықтар

Хиджама жасату қауіпті ме?

07.03.2023
1 мин
0
1707

Соңғы кезде сәнге айналған дәстүрлі емес ем – хиджама қаншалықты қауіпсіз? Жүз бір емге шипа деп, бас ауырып, балтыры сыздай қалса осы процедураға жүгінетіндер хиджама жайында нені білуі тиіс? Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы Гүлнара Жақсылықова ертеден келе жатқан қан шығару тәсілінің қауіпті тұстарын айтып берді.

Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Гүлнара Жақсылықованың айтуынша, қан шығару әдісі екі мың жылға жуық уақыт бойы қолданылып келді.

Хиджама ХХ ғасырдың басына дейін танымал болды, оны, тіпті жүкті әйелдерге дейін жасады. Әрбір тәжірибелі дәрігерде қан шығаруға арналған құралдары болған.

«Хиджама немесе мұсылман әдет-ғұрыптары бойынша қан шығару - бұл терінің және қан тамырларының тұтастығын бұзатын және дұрыс жүргізілмеген жағдайда асқынуларға әкелуі мүмкін халықтық емдеу әдісі. Қан шығару, гемоэксфузия немесе терапевтік флеботомия - емдік мақсатта денеден белгілі бір мөлшерде қан шығару процесі. Қазіргі дәстүрлі медицинада қан шығару өте сирек, тіпті қолданылмайды. Көп жағдайда бұл тәсілді қолдану сырқаттардың денсаулығына зиянды», - дейді Гүлнара Жақсылықова.

Маманның айтуынша, хиджама жасаған кезде қан қысымы қысқа мерзімге төмендейді, бірақ қысымның жоғарылауы ауру емес, емдеуді қажет ететін басқа дерттің белгісі болуы мүмкін.

«Қан шығару жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінде, пневмонияда, қан қысымы күрт жоғарылағанда, улы заттармен уланған кезде қолданылды. Қан құрамында темір мөлшері артқанда немесе эритроциттердің шамадан тыс мөлшерінде, сирек кездесетін кейбір ауруларда да пайдаланылуы мүмкін. Кей дәрігерлер пластикалық хирургиядан кейін қанның веноздық ағынын сақтау және қалпына келтіру үшін сүліктің көмегімен қан шығарады. Десек те, кәсіби дәрігерлер қан шығаруды емдеу әдісі ретінде қарастырмайды. Бүгінде ол халықтық медицинада ғана қолданылып жүр», - дейді санитар дәрігер.

Гүлнара Жақсылықованың айтуынша, қан шығарудың денсаулыққа тигізер зияны бар.

Дұрыс жасалмаса қауіпті де. Асептикалық және антисептикалық әдістер дұрыс істелмесе, қан бұзылуы мүмкін.

Хиджама қан қысымының күрт төмендеуіне, естен танып қалуға да әкеледі. Қан шығарудың өліммен аяқталған жағдайлары белгілі.

«Мұсылмандар арасында қан шығарып емдеу әдісі «хиджама» деген атпен белгілі, оны «хаджим» немесе «хаджам» деп аталатын арнайы адамдар жүргізеді. Хиджама кезінде медициналық банкалар пайдаланылады, олар тілінген терінің үстіне қойылып, банкалардағы ауа сорылады. Хиджаманы 12 жасқа дейінгі балаларға жасауға болмайды. Қарсы көрсетілімдері бар, мәселен, қан аурулары болса, қан қысымы төмен болса және жедел және созылмалы бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі аурулары болса қолданылмайды. Сондай-ақ, хиджама онкологиялық науқастарға, қант диабетімен ауыратындарға, жүкті әйелдерге, қан ұюы нашар адамдарға болмайды», - дейді санитар дәрігер.

Мұндай процедураны тек білікті дәрігерге ғана сеніп жасатқан жөн. Сондықтан, қан шығаруға келіспес бұрын, емдеу орталығы мен емші туралы алдын ала білген жөн.

Хаджим немесе хаджам - адам анатомиясы, қанның қасиеттері, қарсы көрсетілімдері және т.б. туралы барлық қажетті негізгі медициналық білімі бар сертификатталған маман болуы керек.

«Қазіргі заманғы дәстүрлі емес медицинаны жақтаушылардың пікірлерінше, хиджаманың пайдасы орасан зор. Оның көмегімен жоғары қан қысымын төмендету, қандағы холестерин мен қантты төмендету, импульсті қалыпқа келтіру, адамның жалпы әл-ауқатын тез жақсартуға болады. Ал дәстүрлі медицинаға сүйенсек, қан шығарудан кейін, соның ішінде хиджамадан кейін қан сұйылады. Ағза жоғалтқан 300 мл қанның орнын толтыруға тырысады. Сеанстан кейін үш күн бойы ағзаға физикалық күш түсіруге болмайды. Қан шығарылған жерлерді жылы ұстап, салқын тиюден сақтану керек. Процедура нәтиже беруі үшін алкогольдік ішімдіктерден, сауна мен бассейнге барудан бас тартқан жөн», - дейді Гүлнара Жақсылықова.

Маманның айтуынша, хиджаманы кез келген жерге - көз ойықтарына, құлақ қалқанына, жыныс мүшелеріне жасауға болмайды.

Ал лимфа түйіндері жинақталған қолтық асты, шап аймағы, тізеден төмен жерге хиджама жасарда абай болған жөн.

Дереккөз: ҚазАқпарат

«Хиджамадан кейін адам толық емделіп кетеді деген жаңсақ пікір. Бұл әсіресе псориаз, бедеулік сияқты күрделі ауруларға қатысты. Оны кешенді терапияның құрамдас бөлігі ретінде ғана қарастыру қажет», - дейді Гүлнара Жақсылықова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл