Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға 287 млрд теңге жәрдемақы берілді

21.01.2022
1 мин
12
1170

2021 жылы 449,4 мың көпбалалы отбасыға 287,6 миллиард теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. Соның ішінде желтоқсанда 25,9 миллиард теңгенің жәрдемақысын 481,6 мың отбасы алды.

4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан аталған мемлекеттік жәрдемақыны ала алады.

Төлем бала санына байланысты сараланып төленеді және 2022 жылы 4 балаға 49100 теңге, 5 балаға 61 383 теңге, 6 балаға 73 666  теңге, 7 балаға 85 948 теңге, 8 балаға 98 016 теңге, 9 балаға 110 268 теңге, 10 балаға 122 520 теңге, 11 балаға 134 772 теңге, 12 балаға 147 024 теңге, 13 балаға 159 276 теңге, 14 балаға 171 528 теңге, 15 балаға 183 780 теңге, 16 балаға 196 032 теңге немесе әр балаға 12 252 теңгеден беріледі.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілді.

 

12 Пікір
Ж
Жаудир 26.01.2022
Мен бир баланын анасымын.Маган берилема.
Жауап беру
А
Арна 21.01.2022
1 баласы 18-ге немесе 23 жасқа толғанда қалған балаларға бермей қалу тіпті дұрыс емес. Логика қайда?
Жауап беру
А
Айгерим 21.01.2022
Әр балаға берілуі керек кәмелетке толғанша
Жауап беру
Ә
Әр балаға 40 берсе болар еді 21.01.2022
әр балаға 40 берілсін!!
Жауап беру
Г
Галия 21.01.2022
Тагы кобеитип жатырма деп куанып жатыр едим. Жалпы коп балалы аналарга акшасы аздау
Жауап беру
Н
Назым 21.01.2022
Ар балага берилседе рахмет.
Жауап беру
М
Мадина 21.01.2022
Оны неге айта береді. Бәрі біледі ғой.
Жауап беру
Ж
Жадра 21.01.2022
Әр балаға төлеседе болады. Өйткені бір аналар бар денсаулыққа байланысты 4/5 одан әрі қарай бала дүниеге алып келе алмайды. Бұл жерде ешкімнің кінәсі жоққой. Сондықтан барлық балаға төленсе.
Жауап беру
Н
Нурсауле 21.01.2022
Негіщі мен айтар едім. шынымен көмектескің келсе балық берме қармақ бер деген бар. Халыққа жұмыс беру керек. Пособияда баска да бермей ак койсын. зарплатаны көп етіп берсінда жұмыс берсін. адам сонымен ынталанады, еңбектенеді. үкімет бәленбай 100млр дап берседе еңбекпен келген ақшаның берекесі болады. канша көп акша берседе халыкка әрбір адамға бөлгенде тиін тебен болып калады.
Жауап беру
А
Ақсән 21.01.2022
Өте дұрыс айтасыныз, жұмыс беріп, халыққа еңбек етуге шакырса, тепсе темір узетін жігіттер жұмыссыз жур.
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл