457.09
508.42
5.67
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы қанша болады? Министрлік есебі
Жаңалықтар

Дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы қанша болады? Министрлік есебі

28.10.2026
0 мин
0
219
Сурет: Egemen Kazakhstan

Қазақстанда учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы едәуір көбейеді. Денсаулық сақтау министрлігі Президент Жолдауы аясында 77 мың мамандарға арнайы қосымша ақы енгізу есебін жариялады. Төлем мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты болып, жалақыны 50%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттіктерін кеңейту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында жаңа қолдау шаралары әзірленді. 1 қаңтардан бастап учаскелік қызметтегі 77 мыңға жуық маман қосымша төлем ала бастайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сүйенсек, қосымша ақы мөлшері қызметкердің үздіксіз еңбек өтіліне қарай белгіленеді:

 2 жылдан астам еңбек өтілі барларға – лауазымдық жалақының 20%-ы;

 3 жылдан астам еңбек өтілі барларға – 30%-ы;

 5 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға – 50%-ға дейін үстеме төленеді.

- Біздің басты мақсатымыз – емханалар мен ауылдық амбулаторияларда халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Бұл жалпы практика дәрігерлері мен учаскелік қызметтегі медбикелердің біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты, – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Ауыл мен қаладағы дәрігерлердің жалақысы қанша болады?

Министрлік ұсынған есепте жалақы көлемі маманның еңбек өтіліне және жұмыс орнына қарай бөлінген.

Ауылдық жерлерде:

  • Еңбек өтілі жоғары жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 534 мың теңгеден 760 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.
  • Орта медицина қызметкерлерінің айлығы 284 мың теңгеден 401 мың теңгеге дейін артуы ықтимал.
  • Еңбек өтілі аз жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 386 мың теңгеден 450 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
  • Еңбек өтілі аз орта медицина қызметкерлерінің айлығы 221 мың теңгеден 256 мың теңгеге дейін өсуі ықтимал.

Қалаларда:

  • Еңбек өтілі жоғары жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 425 мың теңгеден 607 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.
  • Орта медицина қызметкерлерінің айлығы 224 мың теңгеден 318 мың теңгеге дейін артуы ықтимал.
  • Еңбек өтілі аз жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 307 мың теңгеден 358 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
  • Еңбек өтілі аз орта медицина қызметкерлерінің айлығы 173 мың теңгеден 202 мың теңгеге дейін өсуі ықтимал.

Қосымша ақы психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге де қатысты болуы мүмкін

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында жұмыс істейтін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді қолдау шаралары да қарастырылып жатыр. Олардың қызметіндегі психоэмоциялық жүктемені ескере отырып, қосымша ақы енгізу мәселесі ұсынылған.

Жоспарланған өзгерістердің негізгі мақсаты — медицина қызметкерлерін ынталандыру, емханалар мен ауылдық амбулаторияларда көрсетілетін көмектің сапасын арттыру және медициналық қызметтің халыққа қолжетімділігін жақсарту.

Жалақының нақты мөлшері мен қосымша төлемдерді енгізу тәртібі тиісті шешімдерге байланысты болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл