450.62
504.2
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қашан көтеріледі
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қашан көтеріледі

14.10.2026
мин
1
441
Сурет: BAQ.kz

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын алдағы уақытта шамамен үш жылда бір рет көтеру жоспарланып отыр. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин келесі өсім 2028–2029 жылдары болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мәселесіне қатысты алдағы жоспарын жариялады. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жалақыны қайта арттыру 2028–2029 жылдарға жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Министрдің сөзінше, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын есептеудің жаңа әдістемесі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбекақысы 1,9 есе өскен. Ал жалақысы төмен санаттағы қызметкерлердің табысы 2,2 есе артқан.

Бұған қоса, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақысы төмен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы тағы 16 пайызға көбейтілген.

Серік Жұманғариннің айтуынша, алдағы уақытта жалақыны көтеру мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасына негізделген әдістеме бойынша жүргізіледі.

- Бізде мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасына негізделген белгілі бір әдістеме бар. Жалақыны енді шамамен үш жылда бір рет, яғни 2028–2029 жылдары көтеруді жоспарлап отырмыз, – деді министр.

Азық-түлік бағасының өсуі баяулаған

Министр азық-түлік бағасына қатысты да пікір білдірді. Оның мәліметінше, тауарлар қымбаттауын жалғастырғанымен, бағаның өсу қарқыны бәсеңдеген.

Қыркүйек айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алғаш рет 0,1 пайызға төмендеген. Үкімет бағаның өсу қарқынын барынша тежеу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин Үкімет отырысында салық реформасының нәтижелері туралы баяндаған болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
B
BN-62 Suleimen ramazan 14.10.2026
Ең төменгі жалақы қашан көтеріледі
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл