Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 14,7 мың шетел азаматы жұмыс істейді
Жаңалықтар

Қазақстанда 14,7 мың шетел азаматы жұмыс істейді

22.08.2023
1 мин
0
627

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 702 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстваның хабарлауынша, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 551 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 452 және 745 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 970 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 233 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 181 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 919 адам (13%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 340 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 147 адам (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 829 адам (6% ).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 768  адам (25,6%), Өзбекстан – 2016 адам (14%), Түркия – 1 411 адам (9,5%). Үндістан – 1 391 адам (9,4%),

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл