456.89
531.36
5.32
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда қай салада маман көп қажет? Enbek.kz деректері
Жаңалықтар

Қазақстанда қай салада маман көп қажет? Enbek.kz деректері

09.09.2026
мин
0
245
Сурет: ОКҚ

Қазақстанда еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің белсенділігі артып келеді. Тамыз айында Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында 131,6 мың бос жұмыс орны жарияланды. Бұл шілде айымен салыстырғанда 25,8%-ға көп. Қазір платформада 105 907 өзекті бос жұмыс орны бар, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жұмыс іздеушілер де белсенділік танытты. Тамызда Enbek.kz-ке 145,2 мың түйіндеме орналастырылды. Бұл шілде айындағы көрсеткіштен 2,8%-ға жоғары. Осылайша, бос жұмыс орындары мен түйіндемелер арасындағы алшақтық бір айда айтарлықтай қысқарды: шілдедегі 36,6 мыңнан тамызда 13,6 мыңға дейін төмендеді.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Электрондық еңбек биржасында 840,6 мың бос жұмыс орны және 1,02 млн түйіндеме жарияланған.

Ең көп бос жұмыс орны білім беру саласында

Тамыз айында мамандарға ең жоғары сұраныс білім беру саласында болды. Бұл салада шамамен 61 мың бос жұмыс орны ұсынылған. Маманға деген сұраныстың жоғары болуы жаңа оқу жылының басталуымен байланысты.

Сонымен қатар қызмет көрсету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі, ауыл, орман және балық шаруашылығы, құрылыс салаларында да жұмыс орындары көп болды. Өңірлер бойынша бос жұмыс орындарының ең көп саны Астана мен Алматыда тіркелді. Екі қалада да шамамен 10 мыңнан бос жұмыс орны жарияланған.

Жұмыс берушілерге білікті мамандар қажет

Тамыздағы бос жұмыс орындарының жартысына жуығы жоғары білікті мамандарға арналған. Атап айтқанда, олардың 46,6%-ы жоғары білікті, 33,1%-ы орта білікті мамандарға, ал 20,3%-ы төмен білікті жұмысшыларға ұсынылған. Жұмыс іздеушілердің түйіндемелерінде де жоғары білікті мамандардың үлесі басым. Олардың 46,5%-ы жоғары білікті, 35,5%-ы орта білікті және 18%-ы төмен білікті мамандарға тиесілі.

Жұмыс іздеушілердің басым бөлігі – жастар

Enbek.kz платформасына түйіндеме орналастырғандардың арасында 35 жасқа дейінгі азаматтар басым. 35–44 жастағы жұмыс іздеушілердің үлесі 25,8%, 45–54 жастағылар – 14,6%, ал 55 жастан асқандардың үлесі 6,7% болды. Сонымен қатар платформадағы түйіндемелердің 60,6%-ын әйелдер, 39,4%-ын ерлер орналастырған. Кейбір бос жұмыс орындарында жалақы 2 млн теңгеден асады

Тамыз айында Enbek.kz платформасында жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындары да болды.

Мәселен, тау-кен өндірісіндегі ауысым бастығына шамамен 2,06 млн теңге, киберқауіпсіздік маманына 2 млн теңге, ал кеніш директорына 1,63 млн теңгеге жуық жалақы ұсынылған. Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны әкімшілік бөлім басшылары күткен – шамамен 2,02 млн теңге. Жаңа өнімдерді әзірлеу жобаларының жетекшілері 1,84 млн теңге, сату жөніндегі шеберлер 1,75 млн теңге көлемінде жалақы күткен.

Жалпы, Enbek.kz деректері Қазақстанның еңбек нарығында түрлі сала мен мамандықтарға сұраныс жоғары екенін көрсетеді. Электрондық еңбек биржасы жұмыс берушілерге бос жұмыс орындарын жедел жариялауға, ал азаматтарға өз білімі мен тәжірибесіне сай жұмыс табуға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл