USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

Қазақстанда тоғыз банк таратылады

22.10.2021
1 мин
21
15989
Қазақстанда тоғыз банк таратылады

Елімізде тоғыз банк таратылу процесінде тұр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттік лицензиялары кері қайтарып алынған банктерді тарату өндірісінің  тәртібі, процесі және қазіргі жай-күйі туралы мәлімет берді.

"Қазіргі кезде 9 банк – Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan таратылу сатысында", - делінген хабарламада.

Банк қызметін тоқтату кезіндегі негізгі мақсат – кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олармен есеп айырысуды қамтамасыз ету және банктің барлық операциясын аяқтау, деп атап өтті агенттік.

Банк кредиторларының талаптары банктер туралы заңда белгіленген кезекпен қанағаттандырылады:

  • бірінші кезекте, еңбекақы төлеу мен жеке тұлғалар бойынша талаптар қанағаттандырылады.
  • екінші кезекте, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген сома шегінде "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ алдында есеп айырысу.
  • үшінші кезекте, банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша есеп айырысу.
  • төртінші кезекте, үлестес тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың ҚДКҚ кепілдік берілген сомасынан асатын депозиттері бойынша, сондай-ақ зейнетақы активтерінің есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша есеп айырысуы.
  • бесінші кезекте, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген санаттар (қайырымдылық ұйымдары, соғыс ардагерлері, мүгедектер қоғамдары) алдында есеп айырысуы.
  • алтыншы кезекте, үлестес емес заңды тұлғалардың депозиттері бойынша есеп айырысу.
  • жетінші кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу, республикалық бюджет қаражаты және Ұлттық қордың қаражаты есебінен берілген қарыздар.
  • сегізінші кезекте, қалған кезектерге кірмеген басқа кредиторлар алдында есеп айырысу.
  • тоғызыншы кезекте, үлестес жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша есеп айырысу.
  • оныншы кезекте, реттелген борыш және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есеп айырысу.

Тарату өндірісін жедел аяқтау және кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында агенттік банктің тарату комиссиясын тағайындайды.

Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша дербес шешім қабылдай алады: кредиторлар реестрін қалыптастыру, мүлікті сату бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру, берешекті сот тәртібімен өндіріп алу.

Таратылатын банктің активтері:

  • банктің меншікті мүлкінен;
  • заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздардан;
  • ақшадан;
  • бағалы қағаздардан;
  • жылжымалы және жылжымайтын мүліктен тұрады.

Таратылатын банктің үйлері мен ғимараттары, өзге жылжымайтын мүлік объектілері, көліктері құнына қарамастан, сондай-ақ таратылатын банктің мүлкінің біреуінің бағалау құны 100 АЕК-тен асатын өзге мүлкі жария сауда-саттық (аукцион) арқылы ғана сатылады.

Банктердің мүлкін сату туралы ақпарат таратылатын банктің сайтында жарияланады.

"Қазіргі уақытта барлық таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру дәрежесі әртүрлі сатыда", - деді агенттік.

 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
2894 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
21 Пікір
Салтанат
Балаларыма,өзіме депозитке салып тұрамын,кредитім де бар...
Жауап беру
Жабу
Фариза
Ойда бар салу керек деген бірақ кредиттен артылмайды
Жауап беру
Жабу
Назира
Ешуақытта біреуге кредит алып бермеңіздер
Жауап беру
Жабу
Менын Есымым Айсулу
Кредиттен кутылганыма Аллама сансыз шукур айтамын
Жауап беру
Жабу
Хплида
Жақсы
Жауап беру
Жабу
Малика
Әр адамның өз үйі болса екен деймін
Жауап беру
Жабу
Кенжебаева Жаркынай Калдыбаевна
Кердит кутылсак екин
Жауап беру
Жабу
Шынар
Форте банк із туссіз жогалып кетеді десе го шіркін
Жауап беру
Жабу
Дана
Кридиттен кутылалмай жатканда кандай депозит
Жауап беру
Жабу
Дана
Сания
Кредиттен кутылсак салгымыз келеди,.....
Жауап беру
Жабу
Гульмира
Казиева
Жауап беру
Жабу
Айгуль Кудайбергенова
Жинау керек
Жауап беру
Жабу
Али
Валют транзит банк деген ВТБ 24 банкісі ма?
Жауап беру
Жабу
Гүлжазира
Банкке салу үшін ,күнкөріске айлық жету керек . Бізде жетпейді,кредит аламыз сосын қалай жинаймыз.
Жауап беру
Жабу
Мирамгул
Ауыспаит
Жауап беру
Жабу
Хабиб
Байлар салып жаткан шығар, арқшалары артылып жаткан, кедей байғұстар несін салады тармағымен қарыз кредитіне жеткізалмай жүрген ,н
Жауап беру
Жабу
Ақша артылмайды
Ақша артылмайды.Бес баламыз бар.Студент теріміз бар
Жауап беру
Жабу
Гаухар
Акша ештенкеге жетпейд
Жауап беру
Жабу
Арай
Ақша жетпейді
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл