443.96
487.73
5.38
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар медициналық қызметке өз қалтасынан көбірек ақша жұмсай бастаған
Жаңалықтар

Қазақстандықтар медициналық қызметке өз қалтасынан көбірек ақша жұмсай бастаған

17.11.2026
0 мин
0
217

Қазақстанда медициналық қызметке жұмсалатын жеке шығын көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл мәселені Құрылтайдағы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов көтерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін дамытуға арналған отырыста депутат халықтың медициналық көмекке қол жеткізуі әлі де өзекті мәселе болып отырғанын айтты.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, азаматтармен кездесулер барысында медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты шағымдар жиі айтылады. Әсіресе, емделуге кететін шығынның артуы мен медициналық қызметтердің қолжетімділігі тұрғындарды алаңдатып отыр.

– Шынын айтсақ, сайлаушылармен кездескен кезде, МӘМС мәселесі жиі көтеріліп жатады. Медициналық көмекке қолжетімділік тақырыбы өте көп көтеріледі. Жағдай қиындап барады. Тіпті, азаматтардың өз қалтасынан төленетін қаражаты жыл сайын өсіп жатыр, – деді депутат.

Отырыста денсаулық сақтау саласын цифрландыру, қаржының ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері де талқыланды.

Комитет төрағасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты бұған дейін қабылданған шешімдер мен мемлекеттік органдардың міндеттемелеріне тоқталды. Оның айтуынша, қорды Қаржы министрлігіне беру кезінде үшжақты келісім жасалып, Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрліктеріне нақты міндеттер жүктелген.

Алайда қордың құрылғанына он жылға жуық уақыт өтсе де, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелер әлі күнге дейін шешімін толық таппаған.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда 2,8 миллионға жуық азаматтың МӘМС жүйесінен тыс қалып отырғанын мәлімдеген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл