| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан билігі елге тұрақты тұруға рұқсат берілетін сұранысқа ие мамандықтардың жаңартылған тізімін бекітті. Жаңа ереже 12 маусымнан бастап күшіне енеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда шетелдік мамандар үшін тұрақты тұруға мүмкіндік беретін мамандықтардың жаңа тізімі жарияланды.
Жаңартылған тізімге денсаулық сақтау саласының бірқатар мамандары енгізілген. Атап айтқанда, нейрохирургтер, онкологтар, эндокринологтар, анестезиологтар және акушер-гинекологтар елде тұрақты тұру құқығына үміткер бола алады.
Сонымен қатар ақпараттық технологиялар мен креативті индустрия өкілдері де тізімнен орын алған. Олардың қатарында жасанды интеллект, үлкен деректер, киберқауіпсіздік және бағдарламалық қамтамасыз ету саласының мамандары, сондай-ақ графикалық дизайнерлер, иллюстраторлар, бейнемонтажерлер мен дыбыс режиссерлері бар.
Жаңа талапқа сәйкес, аталған мамандық иелері шетел азаматтары болған жағдайда Қазақстанға қоныс аударып, тұрақты тұруға өтініш бере алады. Бұйрық 12 маусымнан бастап заңды күшіне енеді.