Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тоқаевтың сынынан кейін бірқатар вице-министрлер, әкімдер және басқа да лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Курорттық аймақтарда жүргізілген тексеру нәтижесінде нақты шаралар қабылданып, бірнеше жауапты қызметкер тәртіптік жазаға ұшыраған, - деп хабарлайды Dauletten.kz үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкіметтің баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, Мемлекет басшысының туризм саласындағы тапсырмаларын орындау мақсатында премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жетекшілік ететін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.
Аталған топтың құрамына Туризм және спорт, Көлік, Ішкі істер, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Денсаулық сақтау министрліктері мен басқа да уәкілетті органдардың өкілдері кірген.
10-12 шілде аралығында Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарында өткен инспекциялық сапар барысында жүйелі заң бұзушылықтар анықталды.
Жұмыс тобының мүшелері туристермен кездесіп, Қапшағай су қоймасы, Алакөл мен Балқаш көлдеріндегі инфрақұрылым жағдайымен танысты. Азаматтар тарапынан инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, қызмет сапасының төмендігі мен қауіпсіздік шараларының жоқтығына қатысты шағымдар расталды. Әсіресе жергілікті билікке қарасты коммуналдық жағажайлардың жай-күйі алаңдаушылық тудырған. Онда абаттандыру талаптарының сақталмауы, кассалық тәртіптің болмауы, санитарлық және қауіпсіздік нормаларының еленбеуі сияқты фактілер тіркелді.
Инспекция нәтижесінде мынадай тәртіптік шаралар қабылданды:
- Жергілікті деңгейде орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі тексерулер жүргізілуде. Осы жұмыстардың қорытындысында туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған Жол картасы әзірленеді, онда саладағы басты мәселелерді шешу үшін нақты шаралар көрсетіледі, – делінген үкімет мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, тұрақты негізде туристік қызмет сапасын жақсарту, курорттық аймақтарды абаттандыру және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіретін арнайы Жобалық кеңсе құрылған.