470.8
545.99
6.6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Отандық кәсіпкерлер АЭС құрылысына қатыса алады
Жаңалықтар

Отандық кәсіпкерлер АЭС құрылысына қатыса алады

22.05.2026
мин
0
229
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда атом электр станцияларын салу жобасына жергілікті кәсіпкерлерді тарту көзделіп отыр. Үкімет бұл бағыттағы арнайы жоспарды бекітті, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанда атом электр станцияларын салу кезінде отандық компаниялардың үлесін арттыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта Үкімет жергілікті бизнесті ірі энергетикалық жобаларға тартуға арналған кешенді құжат қабылдады.

Атом энергиясы агенттігінің хабарлауынша, жоспар 14 мамырда бекітілген.

- Құжат халықаралық қауіпсіздік және сапа талаптарын ескере отырып, қазақстандық кәсіпорындарды атом жобаларына қатысуға кезең-кезеңімен дайындауды көздейді, – делінген агенттік ақпаратында.

Жоспар аясында нормативтік базаны жетілдіру, ішкі нарықтың әлеуетін талдау, өндіріс орындарын жаңғырту, сондай-ақ цифрлық жүйелерді енгізу бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар, АЭС құрылысына қатысатын компаниялардың арнайы тізімі жасалады. Оған құрылысқа қажетті тауар жеткізетін, қызмет көрсететін және түрлі жұмыс атқаратын кәсіпорындар енгізіледі. Мұндай тәсіл қауіпсіздік пен сапа талаптарын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Жобаға қатысатын ұйымдар алдын ала іріктеуден өтеді. Негізгі назар сенімді әрі білікті компанияларға аударылады. Бұл бастама арқылы мемлекет отандық өндірушілерді, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауды көздеп отыр.

Қазір Қазақстанда бірнеше атом электр станциясын салу жоспарланған. Алғашқы жобаны ресейлік Rosatom іске асырады деп күтілсе, тағы бір станцияны Қытай салуы мүмкін. Алдын ала есеп бойынша, бір АЭС құрылысына шамамен 15 миллиард доллар қажет болуы ықтимал.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл