471.45
547.21
6.63
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда ауа райы күрт құбылады: үсік, найзағай және бұршақ күтіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда ауа райы күрт құбылады: үсік, найзағай және бұршақ күтіледі

22.05.2026
мин
0
395
Сурет: BAQ.kz

Алдағы тәулікте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер үсік, найзағай, жаңбыр және екпінді жел болатынын ескертті, —деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, тұман болуы мүмкін. Сонымен қатар желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік аймақтарда түнгі уақытта үсік жүру ықтималдығы жоғары. Мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ұстануға кеңес берді.

Астанада күн ала бұлтты болады. Жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы 7–12 м/с шамасында болады.

Алматыда күн бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +20…+22°C болады.

Шымкентте де бұлтты ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C жылы болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл