| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысының Шардара ауданында жүгеріні терең өңдейтін «Қазкрахмал» зауыты жұмысын бастады. Жаңа кәсіпорында 500 жұмыс орны ашылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Зауыт жылына 150 мың тонна жүгеріні өңдеуге қауқарлы. Заманауи технологиялардың арқасында шикізаттың 98 пайызы кәдеге жаратылады.
Кәсіпорын алғашқы кезеңде крахмал, глютен, целлюлоза және басқа да өнімдер шығарады. Өндіріс толық қуатына көшкенде өнім түрлері 28 атауға дейін көбейеді.
Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында өңірде жүгері егістігі ұлғайтылып, суды үнемдейтін тамшылатып суару технологиялары енгізілуде.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан астықты тек шикізат күйінде экспорттамай, одан қосылған құны жоғары өнім өндіруге басымдық беріп отыр. Жоспарланған жобалар жүзеге асқанда елдегі астықты терең өңдеу қуаты жылына 5,8 млн тоннаға дейін жетпек.