| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегін анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Операция ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы бөлімшесі жауынгерлерінің бірлесуімен жүргізілді.
Жаңаөзен қаласының Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан жеке база аумағында полицейлер ер адамды ұстады. Нысан аумағында жүргізілген тінту барысында мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің шығу тегі және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.