Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жастарға мүмкіндік: Баспана алуға қатысты тағы бір бағдарлама басталады
Баспанаға бағыт

Жастарға мүмкіндік: Баспана алуға қатысты тағы бір бағдарлама басталады

07.12.2022
2 мин
6
4334

Ақтөбе облысы әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен жастарға арналған ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша келісімге қол қойды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты.

Azattyq-ruhy.kz агенттігінің жазуынша, өңірдің жас азаматтары үшін тұрғын үй алу мақсатында «Ақтөбе жастары» жобасы аясында жеңілдетілген заемға қол жеткізе алады. 

«Бүгін біз Ақтөбе облысында «Ақтөбе жастары» бағдарламасын бастау туралы меморандумға қол қойдық. Бұл - тұрғын үйі жоқ, бірақ Ақтөбе облысының кәсіпорындарында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі жас азаматтарға арналған арнайы бағдарлама. Олардың кем дегенде бір жылдық жұмыс өтілі болуы керек. Мұндағы мақсат – сол жерде жұмыс істейтін жастардың тиімді жолмен баспаналы болуына мүмкіндік бере отырып, туған жерінде жұмысын жалғастыруына ықпал ету. «Ақтөбе жастары» бағдарламасына 600 млн теңге қарастырылып отыр. Жалпы қазір Қазақстанда шамамен 3 млн адам 29-39 жас аралығында, әдетте дәл осы жастағылардың тұтынушылық белсенділігі басым болып келеді. Сондай-ақ, егер ипотека 18-19 жыл мерзімге алынса, онда бұл тұрғын үй мәселелерін шешудегі ең қолайлы жас», - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Айта кетерлігі, дәл осындай жоба қазір еліміздің оншақты өңірінде бар. Атап айтсақ: Алматы, Астана қалаларында, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарында және БҚО-да жұмыс істеп тұр. Дәл осындай бағдарлама Жетісу мен Абай облыстарында да іске қосылады деп күтілуде.

Облыс әкімдіктері мен Отбасы банкінің жастарды несиелендіруге бағыттаған ортақ бюджеті қазірдің өзінде 60 млрд теңгеден асып түскен.

«Қазір мәслихаттар өрт сөндірушілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтеруде. Мысалы, Абай облысы өрт сөндірушілерге арнайы микробағдарламаны қаржыландыруға 90 млн теңге жеке бюджет бөлді. Ал өзге аймақтардағы өрт сөндірушілер жастар бағдарламалары аясында басымдыққа ие топқа кіретін болады. Жыл соңына дейін Павлодар, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласынан жақсы жаңалықтар күтеміз. БҚО әкімдігі 1 млрд теңге бөлетіні туралы жариялады. Қазір бұл сұранысқа ие бағдарлама болғандықтан, жекелеген аудан әкімдіктері жеке бюджет бөле бастағанын атап өткім келеді. Мысалы, БҚО Бөрлі ауданының әкімдігі жастардың баспаналы болуы үшін және ауданда жастарды қалдыру үшін бөлек бюджет бөлді», - деді Ләззат Ибрагимова.

«Ақтөбе жастары» бағдарламасы 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі. Оған дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала, мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері мен ауылшаруашылығы саласының өкілдері қатыса алады.

Бағдарлама бойынша әлеуетті несие алушылардың тізімін жергілікті әкімдік қалыптастырады. Өтініштердің қалай қабылданаты және байқау кезеңі әкімдікпен қосымша хабарландырылады.

Қатысушылар пулы құрылғаннан кейін, олардың барлығы Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады. Үміткерлер өздерінің төлем қабілеттілігін растап, жылдық 5 пайызбен заем ала алады. Мұнда алғашқы жарна 10% ғана болады. Бағдарлама қатысушыларына берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңге. Баспананы алғашқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
6 Пікір
Л
Лаура 08.12.2022
Орал қаласынан осы бағдарламамен алуға бола ма?
Жауап беру
С
Салтанат 08.12.2022
Шымкенттеде жок бул программа жане 35 жаска дейин болса екен деп отырмыз...
Жауап беру
А
Айсулу 07.12.2022
Меним оймша Алматы облысында да берилсегой
Жауап беру
А
Айганым 07.12.2022
Жастар га кашан бериледи аз молшерде беруге боладыго кредит квартирадажур лйлау керекко оздеринин жагдайлары баска ел киналып жатыр
Жауап беру
08.12.2022
Жастарга болганда канша жас болу керек. Проценти аз первый началнисиз болама алуга
Жауап беру
Р
Рита 07.12.2022
БҚО Оралда бұл бағдарлама жоқ.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл