Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 еуроға баспана сатып алуға болатын әлемдегі 9 қала
Баспанаға бағыт

1 еуроға баспана сатып алуға болатын әлемдегі 9 қала

15.04.2021
1 мин
4
4395

Әдетте баспана бағасын естігенде қатты қуанбайтынымыз анық. Десе де, сіздер үшін бағасы 1 еуроға бағаланған немесе тегін сатып алуға болатын үйлердің тізімін жасадық.

1. Рубе қаласы, Франция

Бельгияның шекарасындағы шағын қаладағы үйлер 1 еуроға сатылады. Бағдарламаның мақсаты – жаңа тыныс беріп, қала өмірін жандандыру. Кемшіліктері: Тұрғын үйді өз қаражатыңызға қалпына келтіресіз және 5 жыл көлемінде оны сатуға болмайды.

2. Кобридж, Англия

Стаффордширдегі үй бағасының арзан болуы – бос тұрған үйлерді пайдаланып, қаланы жаңарту. Кембридж қаласында 1 еуро тұратын онға жуық үй бар.

Кемшіліктері: 1 еуро – бұл тек бастапқы салым. Қосымша талап бойынша үйді жөндеу үшін 30 мың фунт стерлинг мөлшерінде төмен пайыздық сыйақымен несие алу немесе жаңа үй иесінің баспананы қалпына келтіру үшін жинақтары бар екенін растау керек. 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлікті сатуға болмайды.

3. Ливерпуль, Англия

Сатылатын үйлер Энфилд ауданында орналасқан. Бағдарлама мақсаты - ескі үйлерді жаңарту, қалыпқа келтіру. Сатылым алдында қала билігі үйлерді арнайы жөндеуден өткізеді.

Кемшіліктері: Ұсыныс тек Ливерпулде жұмыс істейтін азаматтарға арналған.

4. Каррега-Лигуре, Италия

Каррега-Лигуре басшылары ауданның босап қалуын алдын алатын жоба ойлап тапқан. Бұл Италияның теңіз деңгейінен 950 метр биіктіктегі ең аз қоныстанған ауылдарының бірі.

Кемшіліктері: Тұрғын үйді тек экологиялық материалдарды қолдану арқылы қалыпқа келтіру керек. Жаңа үй иелері жылжымайтын мүлікті өз қалағанынша өзгертуге тыйым салынған.

5. Хоккайдо аралы, Жапония

Жапонияның Хоккайдо аралының билігі халықтың жаппай кету мәселесіне байланысты барлығына жерді тегін бере бастады. Аралдан тегін жер алу үшін 3 жыл ішінде сол жерге өз үйіңді салып, ресми түрде тұрақтау керек.

6. Лечче-неи-Марси, Италия

Лечче-неи-Марси қаласы Италияның дәл орталығындағы Абруццо аймағында орналасқан. Мұнда 1 евродан тұратын жылжымайтын мүлікті сатып алу бағдарламасы бар. Ұсынысты кез келген адам пайдалана алады. Жергілікті мекенге тіркелу шарт емес.

Кемшіліктері: Нотариустың барлық шығындарын өтейсіз. Тұрғын үйді сатып алынған сәттен бастап бір жыл ішінде қайта құру жобасын ұсыну керек. Жоба расталған жағдайда 2 ай ішінде жұмысты бастау керек.

7. Раппоттенштейн, Австрия

Бұл елді мекен солтүстік Австрияда орналасқан. Халық саны күрт азайғандықтан басшылық 2009 жылы жерді тегін бере бастады. Бағдарлама барысында азаматтарға қойылатын талаптардың бірі 10 жыл ішінде отбасын құруы керек.

Кемшіліктері: 3 жыл ішінде жердің жаңа иелері үй салуға міндетті. Олай болмаған жағдайда, 12 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді.

8. Ганджи, Италия

Бұл аймақта халық саны күрт азаюда. Осыған байланысты бұл жақта үйлер 1 еуроға сатылады. Күрделі жөндеуді қажет ететін үйлерді тегін, ал жағдайы әлдеқайда жақсы үйлер 100 долларға сатылады.

Кемшіліктері: Үйлердің жағдайы өте нашар. Сатып алушы жөндеу жұмыстарын өз қалтасынан шығарады. Оған қоса, құжаттарды рәсімдеу 6 000 еуро тұрады.

9. Шан-де-Бюль, Франция

388 тұрғыны бар елді мекенде жер 1 шаршы метрі 1 еуроға сатылады.

Кемшіліктері: Сатып алушының міндетті түрде баласы, отбасы болуы тиіс. Ұлт пен азаматтық маңызды емес.

Ержан СҰЛТАНБЕКОВ

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
T
Test 24.06.2021
">
Жауап беру
Р
Рина 06.05.2021
Мен коп балалы ана кв да турам калаи там алсам бллады
Жауап беру
Т
Тансык 28.04.2021
Биздин халыккада 1-3жыл аралыгында тегин туратын немесе аздау толейтин уйлер берсе ипотеканын бастапкы жарнасын жинай алатындай казир жалдамалы патерлер кымбаттап Кетти
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл