Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 наурызда «Отау»  жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Баспанаға бағыт

1 наурызда «Отау»  жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

17.02.2024
1 мин
2
1971
Фото: pixabay.com

«Отау» бағдарламасы жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Dauletten.kz.

1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін қазақстандықтар Baspana market (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. 

Заемның максималды мөлшері:

  • Астана, Алматы қалалары үшін - 30 млн теңгеге дейін;
  • басқа аймақтар үшін - 18 млн теңгеге дейін.

Бастапқы жарна - 20%-дан бастап.
Сыйақы мөлшерлемесі - 9%.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматтығы;
  • Алғашқы жарнаны Отбасы Банк депозитінде кем дегенде 18 ай жинау;
  • Депозиттің минималды мөлшері - 1.000.000 тг;
  • Соңғы 5 жылда атында үй болмауы;
  • Ресми табыс көзі;
  • Өтінім беру кезінде тұрақты тіркеуі болуы;
  • Арнайы балл жиналады. Мысалы, заңды некеде болса 10 балл, баласы болса 50 балл. 

Ұпайлар қалай есептеледі?

  • Салым бойынша сыйақы мөлшері үшін - әрбір 1000 теңгеге 5 балл;
  • Салым мерзімі үшін - салымның әрбір жылы үшін 5 балл;
  • Тіркелген неке үшін - 10 балл;
  • Балалардың болуы үшін - санына қарамастан 50 балл.

Сондай-ақ, Астана және Алматы қалалары үшін соңғы 3 жыл тұрақты тіркеу болуы керек. Ал басқа аймақтар үшін өтінім беру уақытында сол аймақта тұрақты тіркеуінің (прописка) болуы маңызды.

ҚР азаматтары 1 наурызда өтінім беріп, балл жинай бастайды. Ұпайы жоғары қазақстандықтар баспананы мамыр айынан бастап ала бастайды. Бағдарлама 7 жылға созылады, 50 000 адамды баспаналы етеді деп жоспарлануда. 

Бағдарламаға барлығы (18-63 жас) қатыса алады, бірақ 35 жасқа дейінгі жастарға басымдық беріледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
А
Айнагул 17.02.2024
Жақсы
Жауап беру
Б
Бекболат 17.02.2024
Жаксы
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл