461.39
534.75
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 қыркүйектен бастап оқушылардың сабақ кестесінде жаңа пәндер пайда болады
Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап оқушылардың сабақ кестесінде жаңа пәндер пайда болады

18.08.2026
мин
0
141
Сурет: BAQ.kz

1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылардың сабақ кестесіне жаңа курстар қосылады. Олардың қатарында жеке қауіпсіздік, Конституция және құқықтық тәртіпке арналған сабақтар бар, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары үшін білім беру бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізіледі. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, балалардың тек пәндік білімін емес, өмірлік дағдылары мен құқықтық сауатын қалыптастыруға да көбірек көңіл бөлінеді.

Солардың бірі – «Жеке қауіпсіздік» курсы. Ол 1 қыркүйектен бастап енгізіледі. Курстың негізгі бағыты оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын жетілдіруге және түрлі өмірлік жағдайларда өзін қауіпсіз ұстауына көмектесу болмақ.

Бұл атауымен ғана емес, мазмұнымен де мектеп бағдарламасындағы ерекше курстардың бірі болғалы тұр. Алайда оның сабақ барысында нақты қандай тақырыптар қамтылатыны әзірге толық жарияланған жоқ.

Мектептердегі өзгеріс тек осы курспен шектелмейді. 5–7 сынып оқушылары «Конституция негіздерін», ал 8–11 сынып оқушылары «Заң және тәртіп» сабағын оқитын болады.

Құқықтық білім беруге қатысты тағы бір маңызды өзгеріс бар. Бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылған «Құқық негіздері» енді міндетті пәнге айналады.

Пәннің жаңартылған мазмұнына Жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен қағидаларын түсіндіру де енгізіледі.

Осылайша, жаңа оқу жылындағы өзгерістердің бір бөлігі балалардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздігіне, екіншісі олардың құқықтары мен міндеттерін түсінуіне бағытталады.

Министрліктің бұл бастамалары мектептегі білім мазмұнын өмірлік жағдайларға жақындатуға бағытталған. Ал жаңа «Жеке қауіпсіздік» курсының нақты бағдарламасы мен сабақ өткізу форматы оқушылар мен ата-аналарға кейінірек толық түсіндірілмек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл