444.58
510.29
5.27
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
    БҚО-да дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты
Жаңалықтар

БҚО-да дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты

17.09.2026
мин
0
92

Оқиға Жәнібек ауданында, Татран қыстағының маңында болған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Куәгерлердің айтуынша, өртті сөндіру жұмыстары кезінде өрт сөндірушіні өрт сөндіру көлігі басып кеткен. Ер адам ауыр жарақат алып, дәрігерлердің жасаған барлық әрекетіне қарамастан қайтыс болған.

Куәгерлердің сөзінше, өрт болған аумақта түтін қою болғандықтан, көріну мүмкіндігі өте төмен болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру көлігі артқа қарай қозғалған кезде жүргізуші түтін арасынан әріптесін байқамай қалған.

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкердің қаза болғанын растады.

— Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында орналасқан Татран қыстағының маңында құрғақ шөп жанған. Өртті жою жұмыстары барысында қызметтік міндетін атқарып жүрген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жарақат алған. Зардап шегуші Жәнібек ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тиісті тексеру жүргізіліп, жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда, — деп хабарлады ведомство.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл