| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем берудің жаңа тәртібі күшіне енеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді мемлекеттік жәрдемақы бұрынғыдай 6 ай емес, ең көбі 3 айға дейін ғана төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл реформаның басты себептері мен мақсатын түсіндірді.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, төлем мерзімінің қысқаруы республикалық бюджет шығыстарын үнемдеуге мүлде байланысты емес. Төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүзеге асырылады. Басты мақсат — азаматтарды пассивті төлемге сүйенбей, еңбек нарығына тезірек қайта оралуға ынталандыру.
1 қазаннан бастап не өзгереді?
Жаңа пилоттық жоба бойынша 1 қазаннан кейін жұмыссыз қалғандарға төлем жүйеге қатысу өтіліне қарай беріледі:
6 айдан 12 айға дейін өтілі барларға — 1 ай;
12 айдан 24 айға дейін өтілі барларға — 2 ай;
24 айдан аса еңбек еткендерге — ең көбі 3 ай.
Сонымен қатар, төлемнің ең жоғары мөлшері белгіленді: ол 7 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 45%-ынан аспайды. Нақты сома соңғы 2 жылдағы орташа табысқа қарай есептеледі.
3 рет бас тартқандар төлемнен айырылады
Министрлік тағы бір маңызды ережені ескертеді: егер азамат Мансап орталығы ұсынған лайықты жұмыс орындарынан дәлелді себепсіз 3 рет бас тартса, оның жұмыссыз мәртебесі жойылады. Ал бұл өз кезегінде әлеуметтік төлемнің де тоқтатылуына алып келеді.
Егер 3 ай ішінде лайықты жұмыс табылмаса, Мансап орталықтары азаматтарға қайта даярлау курстарын, субсидияланатын орындарды ұсынуды ары қарай жалғастыра береді.